No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

“Береке” коттедж қалашығындағы үйлердің сапасы сын көтермейді

13.01.2023
Жаңалықтар, Әлеумет
8
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Соңғы жылдары Талдықорған қаласында баспанамен қамту бағдарламалары қарқынды жүзеге асырылуда. Бірақ, құрылыс сапасына қатысты сын көп. Мердігер компаниялар өз міндетіне алған жұмысты ала-құла атқарады. Барлығы сондай деуден аулақпыз.  Кейбір мердігердің  салған үйі көптің көңілінен шығып, алушылар  баспананың жанға жайлылығына алғыс жаударуда. Ал енді бірі «қайран, желге ұшқан ақшам-ай!», – деп өкініш білдіруде.

Облыс орталығындағы «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша салынып, пайдалануға берілген «Береке»  коттедж қалашығының тұрғындары баспаналарының шатырынан су сорғалап тұрғанын айтып, дабыл қағуда. Аталмыш коттедждің тұрғындары редакцияға хабарласып, құрылыстың сапасыздығын көзбен көруімізді өтінген еді. Бардық, көрдік. Үйлердің ауласы, сырт келбеті әдемі-ақ. Ертегі қалашығындай. Сәнді етіп салынған үйлер тізбектеліп, көшенің көркін келтіріп тұр. Қалашықтағы 7-ші көшенің тұрғыны Болат Атайбековтің шаңырағына бас сұқтық. Баспанасы құстың ұясындай жып-жылы. Тамақ жасап жатқанын көріп, газ плитаға назар аударып, үйге орталық газ жүйесі тартылмағанын байқадық. Барлық үй газ баллонды  пайдаланып отыр. Үйлердің бір-бірімен жабыстырырылып, жапсарлас салынғанын ескерсек, бір үйде баллон жарылса, бірнеше үй жапа шегетіні белгілі.

Орталықтандырылған көгілдір отынға қосу уақыт күттірмес мәселе. Үйлердің бәрінде шатырдың дұрыс қиюластырылмауы салдарынан төбелерінен су сорғалайды. Тұрғындар үйдің төбесі құрама шатырмен жабылғанын айтады. Көше мен аула жақтағы жабынды екі бөлек. Сондықтан да шатырлардың қию келмеуі мүмкін екенін айтады. Болат бауырымыз үйдің төбесіне жапқыш тастап қойыпты. Бірақ, су басқа жерді тесіп, бөлмеге сорғалап, ағып тұр. Осындай жағдай коттедждегі басқа үйлердің де басты мәселесі. Сол көшедегі Динара Сағындықова мен Нұржан Тұяқбаевалардың да үйіне кіріп, жағдайды көзімізбен көрдік. Олардың баспаналары да судың астында қалыпты. Барлығы бала-шағаның аузынан жырып, қыруар қаржы төлеп жатқан шаңырағының төбесі мен қабырғаларынан қыстың көзі қырауда су сорғалап тұрғанына налиды. Коттедж қалашығындағы тағы бір алаңдатарлық мәселе, үйден шығатын лас су шұңқырының тез толып кететіндігі. Арнайы көлік шақырып, өздерінен жиналғанды тазалатып тастаса, көршінің суы ағып келеді екен. Көшеде  үйлерден шығатын лас сулар ағатын құбыр іші лық толып кете беретін көрінеді.  Құбырдың бетіндегі шойын қақпақты ұрылардың алып кетуі кесірінен  сасық су көшеге жайылады. Бұл жағдайды  өзіміз де байқадық.  Құдықтардың қақпағы жоқ. Көшедегі, жол үстіндегі тораптар ашық-шашық.

 Коттедж қалашығындағы 3,7 миллиард теңгеге салынған 204 үйдің сапасы сын көтермейді.  Тұрғындар кем-кетікті жөндеп беруге тиіс «кепілдік мерзімі» аяқталуға жақын қалғанына алаңдайды. Ал баспаналарды тұрғызған құрылыс компаниялары тарапынан ешқандай қарекет байқалмайды. «Береке» шағын ауданының тұрғындары шатырлар тез арада жөнделмесе, ары қарай жағдайымыз не болар екен деп отыр. Олар баспананы ипотекаға алғандықтан айына мөлшермен 100  мың теңге көлемінде несие төлейді. Коммуналдық төлемдерді қоссаңыз тағы біраз қаржы шығатыны белгілі. Ал, шатырды ауыстыру үшін қыруар қаржы керек екені анық. Сонда бұл мәселе шешімін қалай таппақ?

Мақаланы дайындау  барысында қала әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Мәди Шакеновтен мәселенің қалай шешіліп жатқаны жайлы сұрап-білдік. Мәди Қайратқалиұлы: «Жақында Жетісу облысының  прокуроры Мадияр Басшыбаев «Береке» коттедж қалашығының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындардың өтініш-тілегіне құлақ асты. Халықты алаңдатып жүрген мәселелерді тыңдады.  Қалашықтағы көптен құрылысы аяқталмай  тұрған тұрғын үйлерді көріп, себебін анықтайтынын айтты. Тұрғындардың ипотекаға алған үйінің сапасыздығы жайлы жан айқайының себебіне қанықты. Көптеген үйдің шатыры, қабырғасының сапасыздығының сын көтермейтінін көрді. Мемлекеттік бағдарлама бойынша құрылысты жүргізген компания мен тапсырыс беруші  міндетті дұрыс орындамаған.  Бұл орайда 2022 жылдың желтоқсан айынан  қадағалаушы орган қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізуді бастаған. Облыс прокуроры тұрғындармен кездесуде істің қозғалғандығы жөнінде толық ақпарат берді. Коттедж қалашығының тұрғындарымен кездесуде құзырлы орган басшысы атқарылып жатқан жұмысты жан-жақты айтып шықты. Көптеген баспананың құжаты жасалмағаны, алдағы уақытта  баспаналардың рәсімделетіні де сөз болды.  Қалашық тұрғындарының мәселесін шешу барысында қала әкімі Әсет Масабаев және басқа жауапты мамандар бірлесе жұмыс істейтін болады», – деп жауап берді.

Қалай десек те, «Береке» котедж қалашығының берекесі кетіп тұр. Құзырлы орын құрғақ уәдемен емес, нақты жұмыспен оң нәтижеге қол жеткізеді деген сенімдеміз.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Оңтүстік астананың келер жылғы бюджеті 1,2 трлн теңге болып бекіді

10.12.2022

Заңсыз құрылысты прокурорлар қадағалайды

24.02.2023

Көгілдір фишкалар деген не?

28.01.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа