No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Берешекті реттеу рәсімі дегеніміз не?

15.01.2023
Жаңалықтар, Керек-дерек
54
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

2021 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстанда кредитті өтеуде қиындықтарға тап болған азаматтардың мерзімі өткен берешегін реттеу тәртібі қолданылады. Ол барлық кредиттік ұйымдарға – банктер мен МҚҰ-ға қолданылады.

Заңнамалық талаптарға сәйкес төлем мерзімін кешіктіру басталған сәттен бастап 20 күн ішінде кредитор қарыз алушыға туындаған кешіктіру туралы хабарлауға міндетті. Хабарламада кредиттік ұйымдар азаматтарға кредит бойынша төлем жасау және мөлшерін көрсете отырып мерзімі өткен берешекті өтеу қажеттілігі, әйтпесе бұл қарыз алушы үшін жағымсыз салдарға әкеп соғатыны, сондай-ақ қайта құрылымдау мәселесі бойынша кредиторға жүгінуге болатындығы туралы хабарлайды.

Өз кезегінде, төлем мерзімі өткен қарыз алушылар ол басталған күннен бастап 30 күн ішінде қарыздарды қайта құрылымдау үшін кредиттік ұйымға өтініш беруге тиіс.

Қарыз алушының өтінішін банк және МҚҰ міндетті түрде қабылдауға, тіркеуге, есепке алуға және қарауға тиіс. Борышкер өз өтінішінде төлем мерзімін өткізіп алудың не себепті туындағанын көрсетуі, қайта құрылымдау үшін өзіне қолайлы нұсқаларды ұсынуы және кірісінің азайғанын және өз міндеттемелері бойынша төлем жасаудың мүмкін еместігін растайтын құжаттарды беруі қажет.

Қарыз алушы кредиторға өзінің қаржылық және әлеуметтік жағдайы туралы ақпарат беруі керек, міндеттемелерін толық көлемде орындамауға себеп болып отырған кірістерінің азаюы немесе болмауы фактісін құжатты түрде растауға тиіс. Сұратылған құжаттарды ұсынбау қарыз алушының өтінішін қараусыз қалдыру үшін негіз болып табылады.

Кредитор өтінішті қарыз алушыдан құжаттардың толық топтамасын алғаннан кейін ғана қарайды. Ол сондай-ақ төлем қабілеттілігі, қарыз алушының әлеуметтік жағдайы, кепілге берілген тұрғын үйдің жалғыз екендігі, қарыз бойынша міндеттемелердің адал орындалуы сияқты факторларды ескереді. Және 15 күнтізбелік күн ішінде жауап беруі керек. Банк немесе МҚҰ банктік қарыз/микрокредит шартының талаптарына қарыз алушы ұсынған өзгерістерді қабылдай отырып, келісім беруі, банктік қарыз/микрокредит шартының талаптарын өзгерту бойынша өз ұсыныстарын беруі немесе себептерінің дәлелді негіздемесін көрсете отырып, бас тартуы мүмкін.

Қарыз алушы немесе кредитор ұсынатын қайта құрылымдау талаптары мынадай: сыйақы мөлшерлемесін төмендету, негізгі борыш немесе сыйақы бойынша төлемді кейінге қалдыру, өтеу әдісін өзгерту, қарыз мерзімін ұлғайту, борыш жүктемесін азайту түрінде болуы мүмкін, мысалы, бұл мерзімі өткен негізгі борыш, сыйақы, айыпақы және төлемдер мен комиссиялардың өзге де түрлері. Ұсыныстардың тағы бір түрі – ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес сату немесе кепілдегі мүлікті кредиторға беру арқылы бас тарту төлемін ұсыну, міндеттемені сатып алушыға бере отырып, жылжымайтын мүлікті сату.

Шарт талаптарына өзгерістер енгізу банк немесе МҚҰ осындай шешім қабылдаған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.

Назар аударыңыз! Егер қарыз алушы кредитормен қарызды қайта құрылымдау талаптары бойынша келісімге келе алмаған жағдайда, ол ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгінуге құқылы. Бұл ретте, қарыз алушы міндетті түрде өзінің банкке немесе МҚҰ-ға өтінгенін және өзара тиімді шешімге қол жеткізе алмағандығының растауын ұсынуға тиіс. Сондай-ақ, қарыз алушылар ипотекалық қарыз шарты бойынша туындайтын келіспеушіліктерді реттеу үшін Банктер туралы заңға сәйкес банк омбудсманына жүгіне алады.

Берешекті реттеудің бірыңғай тәртібі туралы толығырақ «1459» нөмірі бойынша call-орталық арқылы Агенттікке жүгіне отырып біле аласыз.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

8 жылда сұранысқа ие болған “Өндірханның” өндірісі

05.09.2022

2022 жылы Кентауда 180-нен астам үміткерге мемлекеттік грант берілді

18.01.2023

Алматыда жалған доллар сатпақ болғандар ұсталды

24.07.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа