No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бидайды автомобильмен әкелуге тыйым салынуы мүмкін

31.03.2023
Жаңалықтар
71
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Ауыл шаруашылығы министрлігі тұқымдық бидайдан басқа бидайды 6 ай мерзімге автомобиль көлігімен Қазақстан аумағына  әкелуге тыйым салуды ұсынды. Тиісті нормативтік-құқықтық актінің жобасы қазір талқыланып жатыр, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Бұл бастама соңғы бірнеше жылда бидайдың заңсыз әкелінуінен зардап шеккен қазақстандық астық пен ұн нарығындағы жағдайға байланысты туындады.

Салалық қауымдастықтардың деректері бойынша  «сұр» импорттың көлемі жылына 1,5-2 млн тоннаға жетеді, ал мемлекетке келтірілген жалпы шығын жыл сайын 500 млн доллар мөлшерінде бағаланады.

Нарық қатысушыларынан алынған ақпаратқа сәйкес, контрабандалық астықтың қомақты үлесі автокөлікпен импортталады. Әкелінген бидай ҚҚС төлемей шаруа қожалықтарына және жасырын кері экспорт түрінде рәсімделеді, транзиттік тариф төлемей Ауғанстан мен Орталық Азия елдеріне жіберіледі. Бұл ретте ішкі нарықта бағаның төмендеуі байқалады. Мысалы, 2022 жылдың шілде айының басынан бастап бидайдың құны тоннасына 170-185 мың теңгеден 80-85 мың теңгеге дейін төмендеді.

Айта кеткен жөн, нарықты қолдау үшін 2022 жылдың қыркүйегінде астық экспортына барлық шектеулер алынып тасталған. «Қазақстан темір жолы» АҚ деректеріне сүйенсек, 2022 жылдың қорытындысы бойынша астық баламасында 13,2 млн тоннадан астам астық пен ұн экспортталды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 46,7%-ға артық, оның ішінде 10 млн тонна астық бар. Бұл – ел тарихындағы ең жоғары көрсеткіштер.

Сонымен қатар статистика деректеріне сәйкес 2023 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша отандық нарықта 10,4 млн тонна көлемінде астықтың оң балансы қалыптасып отыр.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

“АрселорМиттал Теміртау” заңгерінің пышақталған мәйіті табылды

24.04.2023

Қазақстандық компаниялар Ресейдің сауда-өнеркәсіп форс-мажор куәлігін ала алмай отыр

11.08.2022

“Басшылық пен күзетшілерге қоқақ-лоққы көрсетуде”: “Алтын Орда” базарында тағы да шу

20.06.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа