No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Біле жүріңіз: әлем мемлекеттерінің несиелік пайыздық үстемесі қандай?

08.08.2022
Жаңалықтар, Керек-дерек
10
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қай мемлекеттің болмасын банк жүйесі өзара бәсекелестік танытады. Клиентті өз қақпанына түсіріп, мойнына «несие» атты қамыт ілу мақсатында түрлі айлаларға барады.

Мысалы, АҚШ-та кредит картасын рәсімдегенде түрлі бонустар ұсынады: карта ашып, 3 ай ішінде 3 мың доллар жұмсап, 500 долларын қайта алу деген сыңайлы. Одан бөлек басқа банктегі несиесін нөл пайыздық немесе жеңілдетілген пайыздық үстемеақымен қайта қаржыландыруға болады. 1-50 мың доллар аралығындағы тұрмыстық несиені 6-8 пайызбен 5 жылға дейін рәсімдеуге болады. Несиені рәсімдеуге қажетті жылдық табыс мөлшері 10 мың доллар шамасында болуы тиіс.

Ақша санауға шебер деген немістердің өзі несие қамытын мойнына алуға қымсынбайды. Германияның банк саласы мамандарының ассосациясының мәліметінше, мемлекетте тұрмыстық несие рәсімдеу жылдан жылға танымалдылыққа ие бола бастады. Германияда тұрмыстық несиенің орташа мөлшерлемесі 1-5 жыл аралығы мен 4,8 пайызды құраса, 5 жылдан асса 7 пайызға тең. Creditreform несие тарихы экономикалық бюросының есептеуінше, 7 жылдың қорытындысы бойынша 7 миллионға жуық неміс өздерінің қаржылық міндеттемелері бойынша төлем қабілетсіздігінің шегіне жетті. Қарыздың жалпы көлемі шамамен 210 миллион еуроны құрады. Біріншіден, олар жалдау ақысын, ипотеканы төлемеумен, сондай-ақ ағымдағы несие шотының артық шығынымен байланысты, ол үшін мөлшерлеме жылдық 10-12 пайызға дейін көтерілді.

Қытайда тұрмыстық несиенің мөлшерлемесі 3-4 пайызды құрайды. Оған қоса банктер кленттердің төлем қабілеттілігін бағалауға келгенде адалдық танытады. Былтырғы жылы қытай халқының елдің номиналды ЖІӨ-нің 55,8 пайызын құрады. CEIC экономикалық деректердің статистикалық базасының баяндамасында бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 3,7 пайызға артық.

Әлем мемлекеттеріне жеке-жеке тоқталар болсақ:

АҚШ. Американдықтар үшін несиенің әдетке айналғаны соншалық, олар қорықпай кредиттік карталар рәсімдейді. Несие картасының саны әр американдықта оннан асуы мүмкін. Өз кезегінде қазақстандықтарда керісінше. Несие картасын екінің бірі ғана аштырада. Бұл АҚШ халқының қағаз ақшадан гөрі электронды төлемге көшкендігін көрсетеді. Сондай-ақ, көбінің несие тарихы таза болғандығына байланысты банктерде оларға кредитті үсті-үстіне бере береді.

Швеция. Бұл мемлекеттің банктерінде ипотекалық несиелендіруі көпшілікті қызықтырады. Өйткені Швецияда 70 жасқа дейін ипотекалық несие рәсімдей алады. Егер несиені төлеуші қайтыс болған жағдайда қарызы туған-туысына беріледі.

Франция. Бұл мемлекетте несие рәсімдеуге өте қатаң қарайды. Мысалы, 350 еуро қаражат қажет болды. Ақшаны оңай әрі төлемді 5-10 ай төлеуді ұсынуы мүмкін. Францияның кішкентай қалашығында несие алдыңыз делік. Рәсімдеген несиеге байланысты төлем айларын ұсынады. Бірінші айында қарыз алушы бір цент те төлемейді. Келесі айдан бастап несиесін төлей бастайды. Мысалы 6 қарашада несие алса, төлеуші 6 желтоқсан күні 70 еуро көлемінде бірінші төлем жасауы тиіс.

Израиль. Бұл мемлекетте пайыздық мөлшерлемесіз несие алуға мүмкіндікке ие адамдар тізімі құрылған. Өйткені, Израильде жекеменшік мүлікті сатып алуға арналған несиенің пайыздық үстемесі 80 пайызды құрайды. Яғни, алатын мүлікжайдың бағасымен пара-пар.

Қытай. Қытайдың несие рәсімдеуге қатысты өз заңдары бар. Мемлекет халқы жылдап ақша жинағанды жөн көреді. Өйткені қиындатылған несие жүйесіне жолағысы келмейді. Соған байланысты бүгінде банктер талаптарын қайта қарастырып, қажетті құжаттар санын азайтқан. Десе де, бұл әрекет те еш нәтиже бермеді. Себебі қытайлықтар ақша жинап, қажетті заттарын өз қаражаттарына алғанды дұрыс санайды.

Жапония. Мұнда несие мүлдем қажет емес. Өйткені жапондықтарда қаржы үнемдеудің өз жүйесі бар. Мамандардың есептеуінше, бір адамға 120 мың доллардан келеді екен. Бұл дегеніміз аз қаржы емес-ті.

Болгария. Кредит жүйесі дағдарысқа байланысты құлдырауға ұшыраған. Оған қоса несиені уақытында төлемеген қарызданушылардың пайызы да өскен. Қазіргі уақытта банктер жобаларға ғана несие рәсімдеуге көшкен.

Германия. Неміс банктері баспана алуға жақсы мүмкіндіктер қарастырған. Мысалы 15 жылға жыл сайынғы пайыздық мөлшерлемесі 4,15 пайызбен несие рәсімделеді.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Жас кәсіпкер: “Бастайтын ісіңді алдын ала зерттеп, жан-жақты білгеннен кейін ғана кірісу керек”

21.07.2022

Биылдан бастап ел жастары 5 млн теңге шағын несие ала алады

07.01.2023

Азық-түлік: баға неге «бұлқынады»?

15.05.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа