Бір тәулікте 2500 қазақстандық банкроттыққа өтінім берді, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Бір тәулікте 2500 ден астам ел азаматы, банкроттыққа өтініш қалдырды. Бұл жайлы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
Айта кетейік, азаматтардан банкроттық туралы өтініш қабылдау 3 наурызда басталды. Қазақстандықтар өтінім үшін еGov және e-Salyq Azamat порталдарын қолданған.
Банкроттыққа өтініш беру бойынша көш басында Түркістан облысы тұр. Бір күнде өңірдегі 289 азамат осы қызметке жүгінген.