No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бір жылда аяқ киім бағасы 21%-ға қымбаттаған

10.04.2023
Жаңалықтар
75
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қазақстанда аяқ киім өндірісі бір жылда 43%-ға өсті. Бірақ оған қарамай аяқ киімнің бағасы 21%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды kazbusiness.kz energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Осы жылдың қаңтар-ақпан айларында отандық өндіріс орындары 286,7 мың жұп аяқ киім шығарған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 42,9%-ға артық.

Өңірлік бөліністе ең көп аяқ киім Алматыда өндірілген, барлығы – 153 мың жұп. Бұл көрсеткіш 2022 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 50,4%-ға артық. Сондай-ақ, өндіріс бойынша алғашқы үштікте Алматы облысы (48,5 мың жұп) және Жамбыл облысы (27,9 мың жұп) бар.

Жалпы былтыр жыл ішінде елімізде 1,7 млн жұп аяқ киім өндірілген.

Дегенмен, отандық өндірістің өсуіне қарамастан, өткен жылдың қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар еліміздегі аяқ киімге сұраныстың небәрі 4,2%-ын қамтамасыз еткен. Бір жыл бұрын көрсеткіш одан да төмен болған – 2,8%. 2022 жылы нарықтағы отандық өнімнің үлесі бір жарым есеге жуық өскенімен, жалпы үлесте өте аз болып қала береді.

Тағы бір ескеретін жайт, аяқ киім импорты бір жылда 22,9%-ға, яғни 38,7 млн жұпқа дейін азайған. Бұл ретте елдегі экспорт көлемі де 50,2%-ға (105,5 мың жұпқа дейін) төмендеген.

Биыл ақпан айының қорытындысы бойынша аяқ киімнің бағасы бір жылда 20,5%-ға өскен. Оның ішінде ерлер мен әйелдер аяқ киімі 18,2%-ға, балалар аяқ киімі 26,5%-ға қымбаттады.

Аяқ киім бағасы әсіресе, Маңғыстау облысында қымбаттаған. Мұнда баға бір жылда бірден 31,5%-ға өскен. Аяқ киім бағасы аспандап тұрған өңірлер қатарында Шымкент (30,2%) және Астана (28%) қалалары бар. Ал баға өсімі 13,7%-ды құраған Ұлытау облысы қымбатшылықты ең аз сезінген өңір болды.

Айта кеткен жөн, биыл 1 сәуірден бастап, цифрлық таңбалау және тауарларды бақылау жүйесінде тіркелмеген аяқ киімдерді сатуға болмайды. Мамандардың пікірінше, бұл аяқ-киімнің қымбаттауына әсер етуі мүмкін. Бірақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі аяқ киімнің цифрлық таңбалануы бағаның өсуіне әсер етпейтінін айтады. Өйткені кәсіпкерлер DataMatrix кодын ҚҚС-сыз (қосылған құн салығы) 2,68 теңгеге ала алады.

Министрлік таңбалау қажеттілігін әрбір екінші аяқ киім Қазақстанға заңсыз әкелінетіндігімен түсіндіреді. Ресми деректер бойынша, Қазақстандағы аяқ киімнің көлеңкелі айналымының үлесі 48%-ды құрайды.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Елде жыл басынан бері 65 адам саудасына қатысты қылмыстық іс тіркелді

31.05.2023

Бизнесті дамыту үшін инвестиция тартудың 4 жолы

02.11.2022

Астанада спортты дамыту дирекциясының басшысы қамауға алынды

11.07.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа