No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

20 жасар жігіт дәретхана жуып ай сайын 15 млн тауып жүр

07.08.2023
Жаңалықтар
фото: ашық дереккөз

фото: ашық дереккөз

92
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Әлеуметтік желіде үй тазалап, танымал болған жігіттің видеолары кең тарап жатыр. Ол танымал өнер жұлдыздарының да үйлерін тазалап, бірге видео түсіреді. Massaget.kz тілшісі жігітті тауып, сұхбаттасып, табысы, кәсібі туралы сұрады, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Тараз тумасы Нұрхан Нұрмаханбет 5 жылдан бері үй тазалаумен айналысып келе жатыр. Ал негізгі мамандығы мүлде басқа салаға қатысты екен.

“15-16 жасыма дейін Таразда тұрдым. Таразда жоғары оқу орнын бітірдім. Негізгі мамандығым – бағдарламашы. Клининг компаниясына 15 жасымнан бастап келдім. 18 жасыма дейін Алматыда клининг компанияда жұмыс істедім. Ресейде білімімді жетілдіріп келіп, өзімнің клининг компаниямды аштым. Бұл салаға басында аса бір қызығушылығым болған жоқ. Бұған дейін осындай компанияда істеп, күнделікті нәпақамды тауып жүріп, содан кейін барып қызығушылық пайда бола бастады. “Неге біреудің қолында жұмыс істеп жүрмін, жеке өзіме неге ашпасқа, өзім неге бастық болмасқа?” деп клининг компаниясын аштым”, – дейді ол.

20 жастағы жігіт бүгінде үй тазалап, адам айтса сенгісіз табыс тауып отыр. Бірақ Нұрхан мұндай табысқа жету оңай болмағанын айтты.

“Басында қорқыныш болды. Дұрыс жүрмеді, тапсырыстар аз болды. Алматыда жарнама керек. Неше ай бойы өзіңді көрсетіп, жұмыс істеп, еңбек етсең бәрі болады екен. Күш жігерімді жинап, алға қарай жұмыс істедім. Өзіме мотивация бердім. Ол кезде жанымда көмектесетін ешкім болмады. Мұндай жетістікке Алланың, екінші еңбекқорлығымның арқасында жеттім. Қазір орта есеппен нақты табысым айына 10-12-15 миллионға дейін жетеді. Бұл – бір айда түсетін ақша”, – дейді Нұрхан.

Ол бұл кәсіптің арқасында мақсаттарына біртіндеп жетіп жатқанын да жеткізді. Өзінен бөлек, жақындарын да қуантып тұрады екен.

“Үй жинап жүріп алған ең құнды затым – Меккеге анамды апарып келген сәтім. Елдің үйін, дәретханасын жуып жүріп, ең бірінші үлкен сомада ақша жұмсағаным – сол”, – деді ол.

Нұрхан биыл үйлі болған. Бұған таза еңбек, маңдай термен жеткенін айтады.

“Биыл үй алдым. 2018 жылдан бері үй тазалап жүріп, депозит ашып, ақша жинадым. 2018 жылдан бері тек осы кәсіппен айналысып келе жатырмын. Қазір өз үйімде тұрып жатырмын. Бұған дейін пәтерде тұрғанмын”, – деді ол.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

фото: ашық дереккөз

Қандай автокөліктер жүргізушілер арасында сұранысқа ие?

17.07.2023

Қауіпсіз қаржылық активтер дегеніміз не?

23.01.2023

Несие алу қиындай түседі: микроқаржы ұйымдарының жұмысына өзгеріс енгізіледі

17.09.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа