No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Биыл елде 7 ет өңдеу кәсіпорны іске қосылуы мүмкін

25.01.2023
Жаңалықтар
4
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев министрліктің алқа отырысында биыл елдің агроөнеркәсіптік кешені қалай дамитынын айтып берді. Сала басшысы өз сөзінде негізгі бағыттарға тоқталды.

 

Атап айтқанда, өсімдік шаруашылығында егіс алқаптарының 23,2 млн гектарға дейін өсім көзделіп отыр. Бұл дәнді және бұршақты дақылдарға, қант қызылшасына, сондай-ақ көкөніс және бақша дақылдарына әсер етеді.

 

Сонымен қатар, мақта сияқты ылғал көп қажет ететін дақылдар аз егіледі. Биыл оның ауданы 13,8 мың гектарға қысқарып, 112,5 мың гектарды құрайтын болады. Алайда күрішті 97,7 мың гектарға егу жоспарланып отыр, бұл өткен жылғы көрсеткіштерден 9,9 мың гектарға артық.

 

Көктемгі науқанды қаржыландыру «Кең-дала» бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Бағдарламаға 140 млрд теңге қарастырылған, қаржы 3200 тауар өндірушіге бөлінеді. Сондай-ақ Азық-түлік корпорациясы арқылы форвардтық сатып алу бағдарламасы жалғасатын болады.

 

Мал шаруашылығында негізгі міндеттердің бірі – ауыл шаруашылығы жануарларын азықпен қамтамасыз ету болып табылады. Жемшөп өндірісін дамыту жөніндегі жол картасы шеңберінде өсірілетін көпжылдық және біржылдық шөптердің, сондай-ақ сүрлем дақылдарының тізбесі кеңейтіледі, өнімділігі төмен жемшөптер неғұрлым өнімді және қоректік дақылдармен ауыстырылатын болады.

 

Ауыл шаруашылығы жануарларының өсірілетін тұқымдарының генетикалық әлеуетінің деңгейін арттыру және селекциялық-асыл тұқымдық жұмысты жетілдіру міндеті тұр. Осы міндеттерге қол жеткізу үшін өткен жылы асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша заңнамалық актілерге түзетулер енгізілген заң қабылданды.

 

Ветеринария жүйесін реформалау жалғастырылды. Ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың жүргізілуіне толық сенімді бақылау қамтамасыз етіледі. Ол үшін «VET-MOBILE» жаңа мобильді қосымшасы енгізілді, ол интернетсіз офлайн режимде жұмыс істейді. Әрі барлық жүргізілген манипуляциялардың нақты геолокациясын көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарларын есепке қою, есептен шығару, вакцинация, диагностика бойынша деректерді енгізу бойынша жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік береді.

 

«Агроөнеркәсіптік кешеннің отандық өнімін өткізудің жаңа нарықтарын ашу және экспортты дамыту үшін ветеринариялық және фитосанитариялық қызметтер жеткізушілердің шетелдік тізілімдеріндегі қазақстандық кәсіпорындардың тізбесін кеңейту үшін қажетті талаптарды келісу бойынша жоспарлы жұмыс арқылы импорттаушы елдер қоятын әкімшілік кедергілерді жоюға бағытталатын болады», – деді министр.

 

Сондай-ақ министр ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мәселесіне ерекше назар аударды. 2023 жылы республика бойынша қуаттылығы жылына 50 мың тонна болатын 7 ет өңдеу кәсіпорнын іске қосу жоспарланып отыр.

 

Бұдан басқа, жалпы қуаттылығы жылына 25 мың тонна сүт болатын 5 сүт зауытын жаңғырту жоспарланған. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында тағы 5 жоба іске қосылады. Сондай-ақ, бес жылдық кезеңге арналған қант саласын дамыту жөніндегі кешенді жоспарды одан әрі іске асыру көзделіп отыр.

 

Биыл микрокредит беру есебінен ауыл шаруашылығы кооперациясын белсенді дамыту арқылы ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны іске асыру басталды. Жеті жыл ішінде осы мақсатқа 1,0 трлн. теңгені бағыттай отырып, 350 мыңнан астам жұмыс орнын құрып, милионнан астам ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту және барлық жеке қосалқы шаруашылықтардың жартысын кооперативтік кәсіпкерлікке тарту жоспарланып отыр. 2023 жылы жобаны іске асыруға әкімдіктерге 11 мың микрокредит беру жоспарымен және 12 мыңнан астам жұмыс орнын құру үшін 52,4 млрд. теңге бөлінді.

 

Сонымен қатар әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы Агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларды қаржыландыру бойынша Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі таратылатын болады.

 

«Қаржыландырудың алдын ала сомасы шамамен 400 млрд. теңгені құрайды, ол құс етін, сүтті өндіру жөніндегі инвестциялық жобаларды іске асыруға, сондай-ақ көкөністерді өндіру үшін суару жобаларын және осы көкөністерді сақтау жөніндегі инфрақұрылымды іске асыруға бағытталатын болады. Бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруда оң нәтиже береді және жаңа жұмыс орындарын құру есебінен ауыл халқының табысын арттыруға мүмкіндік береді», – деп толықтырды Ербол Қарашөкеев.

 

Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату шеңберінде шамамен 178 инвестициялық жобаны, оның ішінде 105 тауарлы сүт фермасын, 28 көкөніс сақтау орнын, 12 құс фабрикасын және суару бойынша 17 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Әлеуметтік желіде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған

30.03.2023

Қазақстанда жалдамалы пәтер бағасы тағы да өсті

27.07.2023

Рэй Кроктың кәсіпкерлерге айтқан 18 кеңесі

04.12.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа