Биыл 9-сыныпты 288 мыңнан астам түлек, ал 11 сыныпты барлық меншік түріндегі мектептер бойынша 172 мыңнан астам түлек бітіруде. Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова Орталық коммункациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Kazbusiness.kz
Оның айтуынша, 31 мамырда биылғы оқу жылының соңғы сабағы өтеді. Министрлік Соңғы қоңырауларды 1 маусымда – Балаларды қорғау күніне орайластырып, соның форматында өткізуді ұсынады.
Министрлік жалпы орта білім беру туралы аттестатты 11 сынып түлектеріне тапсыру салтанатын өз мектептерінің қабырғасында 20-22 маусымда өткізуді ұсынып отыр.
Атап өтерлігі, сынып сағаттарын, аттестат тапсыру, соңғы қоңырау шараларын өткізген кезде педагогикалық этиканы сақтау және сыбайластық құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында ата-аналардан іс-шараны өткізуге, аниматорларды, мерекелік кеш ұйымдастыратын агенттіктерді, жеке студияларды жалдауға, мектеп әкімшілігіне, педагогтарға сыйлыққа ақша жинауға жол берілмейді, – дейді Шолпан Каринова.