Биыл Қазақстанда бензин, дизель тапшылығы күтіліп отыр, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Ел шетелге мазут экспорты жөнінен рекорд орнатуда. Ал мұнай өнімдерінің өзге түрлері өзімізге жетпей қалайын деп тұр.
Үкімет биылғы 1 ақпаннан бастап, бензин, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін елімізден сыртқа шығаруға қатаң тыйым салды. Себебі, олар бойынша өз елімізде тапшылықтың туындау қаупі бар.
Сондықтан Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Е.Жамаубаев, Энергетика министрі Б.Ақшолақов, Ішкі істер министрі М.Ахметжанов және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Е.Сағымбаев 20 қаңтардағы “ҚР аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы” Бірлескен бұйрықпен 2023 жылғы 1 шілдеден бастап, 6 айға тыйым енгізді.