No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бизнес саласындағы бикештер марапатталды

12.09.2022
Жаңалықтар
6
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Алматы қаласында «Business Lady Qazaqstan – 2022» республикалық байқауы өтті. Шарада Алматы облысының ең үздік бизнес ледиі анықталды. Байқаудың мақсаты – қазақстандық кәсіпкер әйелдерге өз жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік беру.

«Business Lady Qazaqstan – 2022» жобасының Алматы облысында өткен іріктеу кезеңіне 8 кәсіпкер әйел қатысты. Байқау аясында қатысушылар өздерін таныстырып, қазылар алқасы қойған сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, өз өнерлерін көрсетті.

– Біз кәсіпкер әйелдердің еңбегін халыққа көрсеткіміз келеді. Жеке басының дамуына ықпал етеміз. Олар үшін тәжірибелі жаттықтырушылар шақырамыз. Біздің жобаға қатысқан арулардың қаншалықты өзгергенін «дейін» және «кейін» деп салыстыру арқылы байқауға болады, – дейді жобаның бас продюсері Аида Хамзина.

Аида Хамзинаның айтуынша, қазіргі таңда көптеген әйел бизнеске бет бұрған. Әсіресе, жас буын кәсіпкерлер жобаға қатысуға көптеп өтініш береді. Олар мұнда өздерін ғана көрсетіп қоймай, тәжірибе алмасып, іскер байланыс орнатып, бизнес саласындағы кейбір мәселені бірлесіп шешуге үлкен мүмкіндік алады.

– Біздің байқау сән байқауы емес. Бұл шығармашылық пен бизнеске апаратын жол. Кәсіпкер әйелдердің қоғам мен мемлекетке тигізген пайдасын елге көрсету. Мәселен, біз әртүрлі брендті білеміз. Бірақ оны кім жасағанын білмейміз. Аталған жобаға қатысқан бизнес ледилер бұл үлкен жолға қалай келгенін, қандай қиындықты жеңіп шыққанын айтып, әріптестерімен бөліседі. Бұл баға жетпес тәжірибе биікті бағындырам деген әйелге үлкен пайдасын тигізері анық, – дейді Аида Хамзина.

Байқауда бас жүлде мен 1 миллион теңгенің сертификатын Анар Ақжанова жеңіп алды. Қылқалам шеберінің бала күнінен есту қабілеті нашар. Бала күнінен сурет салуға әуес. Ол өзінің алғашқы картинасын 12 жасында сатқан көрінеді.

– 25 жасыма дейін көптеген байқауға қатыстым. Қазіргі мақсатым – кәсіпкерлікпен айналысу. Өзім арнайы топ құрып, жаңа деңгейге көтерілсем деймін. Ең үлкен қиындық – қаржының болмауы. Бірақ мен инвесторлардың өнеріме қолдау көрсетуін сұрайтын боламын. Болашақта өз командама басқа суретшілерді де тартамын, олардың шығармашылығына жол ашамын. Өнер біздің мемлекетте қолжетімді болуы керек, – дейді Анар. Сондай-ақ, биыл ол қараша айында Алматыда өтетін «Business Lady Award – 2022» республикалық байқауына өңір атынан қатыспақ.

Аталған жоба 2018 жылдан бастап республиканың барлық аймағында ұйымдастырылып келеді. «Business Lady Award – 2022» жобасына кәсіпкерлікпен айналысатын кез келген әйел қатыса алады.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Жұмыс табуға үлкен мүмкіндік болады

15.03.2023
фото: ашық дереккөз

Су шаруашылығына цифрлық технологиялар енгізуді жеделдетуі қажет – Смайылов

29.06.2023

Торғайдағы өрттен бизнеске 200 млн залал келген

07.09.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа