No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бизнес шот-фактураларды бұғаттауға қатысты нормаларды енгізу

«Атамекен» ҰКП алаңында өткен тікелей эфир барысында бизнес-қоғамдастық өкілдері заң жобасына енгізуге ұсынылған және мемлекеттік кіріс органдарына электрондық шот-фактуралардың жазылуын олардың қалауы бойынша шектеуге мүмкіндік беретін салық заңнамасының нормаларын талқылады.

20.10.2022
Жаңалықтар
1
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

«Бүгін ҰКП алаңында Салық кодексіне енгізілген түзетулерді талқылап жатырмыз. Атап айтқанда, электрондық шот-фактураларды бұғаттау сияқты өзекті тақырыпты қозғадық. Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жыл сайынғы жолдауында Салық кодексін қайта қарауды тапсырып, тұрақты экономикалық өсім тұрақты салық саясаты кезінде ғана мүмкін болатынын айтты», – деді «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов.

Кәсіпкерлердің пікірінше, қолданыстағы тәуекелдерді басқару жүйесі шеңберінде кәсіпкерлерді тәуекел аймақтарына жатқызу алгоритмі ашық жүргізілмейді және пысықтауды талап етеді. Бұл алгоритм мемлекеттік органдарға бизнестің шот-фактураларын бұғаттауға мүмкіндік береді.   ҰКП мамандары мен бизнес-қоғамдастықтың пікірінше, бұл түзетулер кәсіпкерліктің дамуына кері әсер етеді.

Алматы ӨКП Өңірлік кеңесінің төрағасы Максим Барышевтың айтуынша, егер кәсіпкер электронды шот-фактураларды жазумен шектелсе, іс жүзінде оның кәсіпкерлік қызметі бірден тоқтайды.

«Бұл ретте мемлекеттік кірістер комитеті әзірлеген тәуекелдерді басқару жүйесінде электрондық шот-фактураларды бұғаттау бойынша шешім қабылдауға әсер ететін жасырын параметрлер бар. Бұл параметрлер қоғамға ашық көрсетілмеген және егжей-тегжей нақтылауды қажет етеді», – дейді Максим Барышев.

Қазақстан салық консультанттары қауымдастығы да электрондық шот-фактураларды жазуға шектеу енгізуге қарсылығын білдірді. Ұйымның басқарма төрағасы Сәкен Кариннің айтуынша, әзірге фискалдық органдар сенімсіз кәсіпкерлермен тең дәрежеде «көлеңкелі айналымды» анықтап жатыр.

«Біз тәуекелдерді басқару жүйесін әдіснамалық тұрғыдан түбегейлі қайта қарау қажет деп санаймыз. Бұл механизмдердің қалай жұмыс істейтінін және олардың төлемдерді уақытылы жүргізетін салық төлеушілерге зиян келтірмеу үшін жүйе тиімді жұмыс істейтінін нақты түсіну керек. Егер мұндай әсер болмаса, онда бұл шара негізсіз», – деді Сәкен Карин.

 «Қазіргі кезде  7 трлн теңге бұғаттауға жіберілген. Ал Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 100 трлн теңгені құрайды. Мемлекеттік орган тарапынан ЭШФ-ны бұғаттау қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыруды алдын алу және жалған кәсіпкерлікке қарсы күрес қажеттілігімен түсіндіріледі», – деп атап өтті Тимур Жаркенов.

Спикер ҰКП заң жобасының редакциясын қайта қарау бастамасын қолдай отырып, бизнес-қоғамдастық пен мемлекеттік органдар арасындағы ашық диалогты жақтайтынын атап өтті.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Dow 300 ұпайға түседі, өйткені Трамп ЕО мен Apple-ге қарсы жаңа тарифтерге қауіп төндіреді: Live жаңартулары – CNBC

24.05.2025

Потенциалды NJ транзиттік ереуілдері: коммутатордың келіссөздері туралы нұсқаулар жалғасуда – ABC7 New York

15.05.2025

Қыстың қамын жазда ойла: Шаруалар субсидия ала алмай отыр

17.04.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа