No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бизнес жоспар: Кейтеринг

13.12.2022
Жаңалықтар
1
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Кейтеринг ‑ қызмет көрсету саласындағы жаңа бағыт. Бұл бизнесте клиенттерге қызмет көрсетудің екі түрі бар. Бұл көшпелі кейтеринг (шақырған жерге барып қызмет көрсету), онда банкеттер, мерейтойлар мен фуршеттер ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетіледі. Бұндай қызмет көрсетулер көшпелі мейрамхана түрінде жүргізіледі және кейтерлердің өздерінің айтуынша аса рентабельді болып табылады. Мұндай шаралардан түсетін табыс шамамен 30%-ды құрайды.

Кейтерингтің басқа санаты – бұл корпоративтік клиенттерге стационарлық қызмет көрсету, оларға «абоненттік» негізде, яғни тағамды күн сайын әзірлеп, жеткізіп беру. Мұның табыстылығы төмендеу, бірақ тұрақты клиенттерге бағытталуы есебінен бұл қызмет көрсетудің түрі кейтерлердің күнделікті табысын қамтамасыз етеді.

Ғимарат. Бизнестің бұл түрін тамақты өз үйіңізде жасау арқылы бастаған жөн. Бастапқы салым мүлдем аз, бірақ айналым да көп емес. Дегенмен, тәжірибе көрсеткендей, тіпті мұндай жағдайда да ай сайынғы таза табыс аз емес. Оның үстіне, сіз клиенттермен сенімді, тіпті қарапайым қатынас орнатасыз және әрқайсысының тапсырысын қанағаттандыра алатын боласыз.

Құрал-жабдықтар. Бұл бизнесті жүзеге асыру үшін арнайы құрал-жабдықтардың қажеті жоқ. Сізге тек мыналар ғана керек болуы мүмкін:

– калькуляция мен бухгалтерия жүргізу үшін бір компьютер;

– телефон аппараты, хабарландыру беріп, тапсырыстар алу үшін;

– жеке тапсырыстар үшін бір реттік ыдыстар;

– тапсырыстарды орындау үшін ас үй ыдысы.

Технология. Қоғамдық тамақтандырудың кейтерингтік сегментіндегі шығыстарға мыналар жатады: азық‑түлік пен бірреттік (ланч‑бокстар) ыдыс‑аяқтарды сатып алу, ас дайындау, түскі асты корпоративтік клиенттерге жеткізу. Бұл бизнестің табысты болуы үшін жеткізілетін азық‑түліктің сапасы мен оны дайындау маңызды болып табылады.

Сату. Кейтеринг үшін тағы бір маңызды нәрсе, коммерциялық тұрғыдан алғанда, қызықты клиенттер іздеу болып табылады. Бұл жерде баға‑сапа қатынасын сәйкесінше сақтау маңызды. Қызметтің бағасы ең алдымен клиент‑компания басшылары үшін, ал ас сапасы тұтынатын жұмысшылар үшін маңызды. Компаниялардың, орта есеппен алғанда, тамақтануға ай сайын бір қызметкер үшін 10-12 мың теңге жұмсайтынын негізге алу керек. Кейтерингтік қызмет жарнамасы үшін интернеттегі жарнама, директ мейл, әлеуетті клиенттерге телефон шалу маңызды. Клиенттерді іздеу барысында ескеретін тағы бір мәселе, бұл бизнестегі ең жақсы жарнама – көрсетілетін қызмет сапасына қатысты клиенттердің жақсы пікірлері мен ұсыныстары.

Өз кейтерингтік бизнесіңізді құру барысында ескеретін маңызды мәселелер:

Бәсекеге қабілетті баға. Көптеген компаниялар бірінші кезекте корпоративтік тамақтандырудың бағасына назар аударады.
Сапа. Бұл жағынан бәрі түсінікті, ұдайы жоғары сапалы түскі ас ұсына алмайтын компаниямен ешкім де ұзақ жұмыс істемейді.
Ассортимент. Корпоративтік тамақтандыруды ұйымдастыруда үнемі жаңартылып тұратын ас мәзірін ұсына білу керек.
Түскі ас алдын ала келісілген уақытта жеткізілуі қажет, кешіктіре беру клиенттен айырылып қалуға әкеп соқтырады.
Кейтерингтік бизнесті ұйымдастыруда ең қиыны – барлық нәрседе (тағамнан бастап жеткізіп беруге дейін) тұрақты жоғары сапаны қамтамасыз ету. Корпоративтік клиенттер ақша төлеуге әрқашан дайын, бірақ ұсынылатын қызметке жоғары талап қояды. Бір компания ішінде сапалы әрі арзан, ассортименті кең аспаздықты, түскі ас жеткізудің тұрақтылығын қамтамасыз ететін сауатты логистиканы, шағын автопаркті, сыпайы қызметті сәтті үйлестіру қажет.

Кофе‑брейк және түскі ас ұйымдастырудың болжамды есептеулері

Орта есеппен алғанда, кофе‑брейктің адам басына белгіленген бағасы – 800-1000 теңге, ал оның өзіндік құны – 200-250 теңге.

Әдетте кофе-брейк тәтті және бутербродты жеңіл тағамның үш түрінен немесе тәтті наннан, кофе мен шайдан тұрады. Сонымен қатар, бұл бағаға қызмет көрсету, дастархан, қала ішіндегі көлік, майлықтар мен ыдыстар кіреді.

Бір адамның түскі асының бағасы 1 500-2 000 теңге, ал оның өзіндік құны 300-400 теңге. Әдетте бұл бағаға екі ыстық тамақ пен салат, 0,3 литр шырын, нан, майлық, ыдыс, дастархан, көлік шығыны кіреді.

Байланысты Материалдар

«Алматы жастарына» берілетін несие көбейеді

28.03.2023

Еліміз бойынша ең көп инвестиция Атырау облысына құйылған

28.03.2023

Парламент Мәжілісінің депутаттары толық анықталды

28.03.2023

Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі

27.03.2023

Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды

27.03.2023

Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

27.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Туристік қызмет көрсету үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі тиіс

28.09.2022

Қазақстанда бизнесті реттеудің реформасы жайлы премьер-министр айтты

31.01.2023

Қазақстандықтар Түркияға көмек ретінде 600 мың доллар жинады

14.02.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • «Алматы жастарына» берілетін несие көбейеді
  • Еліміз бойынша ең көп инвестиция Атырау облысына құйылған
  • Парламент Мәжілісінің депутаттары толық анықталды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа