No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бизнес жоспар жазудың ережесі

29.10.2022
Жаңалықтар, Керек-дерек
12
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Бизнес-жоспар деп арман мен идеяның жазбаша нұсқасын айтсақ болады. Бизнес-жоспар болашақта іске асырғыңыз келетін дүниелердің қағаздағы нұсқасы дедік. Тек бизнес-жоспарда эмоцияға орын жоқ екенін білгейсіз. Сонымен қатар бизнес-жоспар ғана ойыңыздағы идеяның «өмір сүретіндігіне» не «сүрмейтіндігіне» көз жеткізетін құжат, деп жазады kazbusiness.kz.

                                       Бизнес-жоспарды кім жазады?

Бүгінгі таңда сіз ауызша айтып берген дүниелерді қағазға түсіріп, керек есебін шығарып, сіз үшін бизнес-жоспар жазып беретін мамандар бар. Алайда оны жазу әркімнің-ақ қолынан келеді. Болашақ кәсіпкердің бизнес-жоспарды өзі жазуы оны сандарды сөйлете білуінен, кез келген сұраққа тақылдап жауап беруінен байқалып тұрады.

Бизнес-жоспар жазбас бұрын

Көңіл-күйіңіздің көтеріңкі екендігіне көз жеткізіңіз. Оған қоса бойыңызды күш-қуат тасып не керісінше азып-тозып отырғаныңызды анықтап алыңыз. Сізде бәрі керемет болса, «бизнес-жоспар жазамын» деп алдыңызға мақсат қойыңыз. Ғаламтордан дайын бизнес-жоспарларды тауып алып, мұқият оқып шығыңыз. Бірнешеуін бір-бірімен салыстырып, ортақ ережелерін шығарыңыз.

Бизнес-жоспар не үшін қажет?

Мына сұрақтарға жауап аласыз:

Жобаға қанша қаражат кететіндігі?

Ол қаражат қанша уақытта өзін-өзі ақтайтындығы?

Өнімнің/тауардың бір данасы қанша тұратындығы?

Жоба қанша таза табыс алып келетіндігі?

Жобаны жүзеге асыру барысында қандай кедергілер кездесетіні?

Қалай жарнамалауға болатындығы?

Мақсатты аудитория кім екені?

Бизнес-жоспар жазу барысындағы ескертпелер

Бизнес-жоспар көбінесе алдағы 3-5 жылға жазылады. Алғашқы жылды айларға бөліп қарастырған жөн. Екінші жылды тоқсанға бөлсеңіз рұқсат. Ал үшінші жылдан бастап жылдарға ғана бөлсеңіз жеткілікті.

Бизнес-жоспардың тілі қарапайым болуы тиіс. Диалектерді, мақал-мәтелдерді қолданбаңыз.

Кемі 1 беттік бизнес-жоспар дайындасаңыз болады. Ал қалған ақпараттың барлығын қосымшаға салғаныңыз жақсы.

Бизнес-жоспар жазудың белгілі бір қағидасы жоқ. Тек құрылымын сақтасаңыз болғаны.

Бизнес-жоспардың «бісмілләсі»

Пайда болатын компанияңыздың атауы, мағынасын ашатын сапалы фото бизнес-жоспарыңыздың титулды бетінде жазылуы тиіс. Сонымен қатар аты-жөніңізді көрсетесіз. Егер бұл жоспарды грант ұтып алу үшін белгілі бір мекемеге өткізетін болсаңыз, онда бизнес-тренеріңіздің аты-жөнін жазу маңызды. Сонымен қатар байқауды ұйымдастырып жатқан мекеменің логотипін орналастырсаңыз болады.

Бизнес-жоспардың 2-ші беті

Ең басында құпиялылық меморандумын жазыңыз. Оған сәйкес бұл құжатты қолына алған адам мұндағы идея/ақпараттың сіздің жеке меншігіңіз екендігін ұғады. Сонымен қатар бұл арқылы сіз жобаны көшіріп басуға, бөгде біреуге оқытуға тыйым саласыз.

Бизнес-жоспардың 3-ші беті

Мазмұнын көрсетсеңіз болады яғни қай ақпараттың қандай бетте орналасқаны жайында ақпарат бересіз. Бірақ бұл міндетті емес.

Бизнес-жоспардың 4-ші беті

Инвесторлар бизнес-жобаны толық емес, тек түйіндемесін оқи салатынын назарда ұстаңыз. Сондықтан бар негізгі ойды, есепті қысқа-нұсқа етіп түйіндемеге жаза біліңіз. Бұл дегеніміз:

Бизнес-жоспардың мақсаты

Сұралатын қаражат қандай мақсатқа жұмсалатындығы

Жобаның нәтижесінде қандай бизнес пайда болатындығы

Оның қоғамға әкелер пайдасы

Оның клиенттері кім болатындығы

Қаржылық жағдайдың қалай болатындығы

Бизнес-жоспардың 5-ші беті

Инвестициялық жоспар жасайсыз. Ақпаратты кесте түрінде бергеніңіз абзал. Бастысы кестенің реттік нөмірін, кесте атауын қоса жазуды естен шығармағайсыз. Инвестициялық жоспарда сіз сұрайтын сомаңыз неге және қандай көлемде (қандай техникаға, қандай процеске) жұмсалмақшы екендігін көрсетесіз. Жоспардан соң инвестициялық стратегия кестесін сызыңыз. Онда сіз қандай айда, қай жылы қанша қаражат не үшін шығындалатынын анықтайсыз.

                                         Бизнес-жоспардың 6-ші беті

Өнімнің, қызметтің сипаттамасын жазасыз. Бұларды халық қай кезде және қалай тұтына алатындығын ашып жазасыз. Бұл іспен айналысуға сіздің қаншалықты қарым-қабілетті екендігіңізді, тәжірибеңізді ата өтесіз. Сіздің бастамаңыздың ерекшелігіне баса назар аударасыз.

Бизнес-жоспардың 7-ші беті

Маркетингтік жоспар жасауға кезек келді.  Мұнда сіз нарықты зерттейсіз. Сатып алушыларыңыз кім (клиенттің келбеті), бәсекелестеріңіз кім, нарықтағы орныңыз, болашағыңыз туралы ойланасыз. Бұл үшін SWOT-талдау жасай салған жеңілірек.

SWOT-талдау дегеніміз – бизнес-идеяның мықты тұстарын, әлсіз тұстарын, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерін бір кестеге тізу.

Одан соң маркетингтік стратегияны жазуға көшесіз. Енді сіз нарыққа қалай шығатындығыңызды, өнімді/компанияны қалай жарнамалайтындығыңызды, тұтынушыларды қалай қызықтыратындығыңызды, тіпті өнім клиенттің қолына қалай түсетіндігін көрсетесіз.

Бизнес-жоспардың 8-ші беті

Өндіріс жоспарда қай жерде жұмыс істейтініңізді, қандай техниканы қолданатыныңызды, керек материалдарды қайдан және қалай алатыныңыз жайлы жазасыз. Сатып алынатын техникалардың атауын, шыққан зауытын, тіпті фотосын көрсете салыңыз. Мүмкіндік болса, олар қай жерде сатылатындығын, қолда бар ма, жоқ па екендігін анықтай салыңыз.

Бизнес-жоспардың 9-ші беті

Бизнес-жоспардың ең маңызды тұсы – қаржылық жоспар. Сондықтан қаржылық жоспарды бірнеше бөлікке бөлесіз: еңбекақы жоспары, баға саясаты, жалпы қаржылық жоспар және нақты қаржылық жоспар.

Жалпы қаржылық жоспарда өнімнің/қызметтің бір данасы қанша тұратындығын, қанша шығын/табыс алып келетіндігін, қаншауын сатуға болатындығын анықтайсыз.

Нақты қаржылық жоспарда кірістер мен шығындарды айларға, тоқсанға, жылдарға бөліп есептейсіз. Мұны ойша санау қиын. Сондықтан excel-дің көмегіне жүгінуге болады.

Бизнес-жоспардың 10-шы беті

Назар аударарлық қосымша ақпараттың барлығын қосымшада келтіресіз. Ал, пайдаланған әдебиетті жазу міндет емес.

Ісіңізге сәттілік тіледік!

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Жеңіс күніне арналған шеру биыл да болмайды

25.04.2023

«Enbek.kz» жұмыс табуға көмектеседі

13.02.2023

Қазақстанда темір өндірісі құлдырады

20.12.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа