No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бизнеске kpi зауытының айналасында қайта өңдеу өндірісін дамыту бағдарламасы қажет

Бұл туралы бүгін «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов Атырауда өткен «QAZPOLYMERS – 2022» бірінші отандық форумы барысында мәлімдеді.

19.12.2022
Жаңалықтар
2
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

ҰКП басшысы Kazakhstan Petrochemical Industries Inc ЖШС интеграцияланған газ-химия кешеніне жоғары баға берді.  Зауыт осы жылдың қарашасында іске қосылды.

KPI – шикізатты терең өңдейтін Қазақстанның мұнай-газ химиясы саласындағы алғашқы ауқымды зауыт. Оның өндірістік қуаты жылына 500 мың тонна полипропиленді құрайды. Бұл әлемдік полипропилен өндірісінің шамамен 1%-ын құрайды. Осылайша зауыт бүгінде әлемдегі жетекші полипропилен өндірушілерінің қатарына кіреді. Бүгінде полипропилен машина жасау, медицина, электр техника өнеркәсібінде бірқатар бұйымдар, тот басуға қарсы материал жасауда таптырмас шикізат.

«Бұл еліміздің үлкен мультипликативті әсері бар серпінді жобаларының бірі. Қазіргі кездегі міндет – қайта өңдеу өндірісін дамыту үшін зауыт айналасында нақты кластер құру. Форумның негізгі идеясы осы. ҰКП ретінде біз бұл жұмысты «ҚазМұнайГаз», «Бәйтерек» ҰБХ және ең бастысы бизнеспен бірлесіп белсенді түрде бастадық. Атап айтқанда, біз осы өнімді тұтынушылар тізілімін қалыптастыра бастадық, қосымша талдау жасайтын топты жинаймыз. Мұның бәрі бизнеске осы аумақта қандай өндірістерді ұйымдастыруға болатыны туралы нақты көрініс беретін дұрыс және тиімді бағдарламаға құрылуы тиіс», – деп атап өтті ҰКП басшысы.

Райымбек Баталов «Атамекен» ҰКП-ға бизнесті үйлестіру үшін мұнда қандай ірі жобалар орналасатынын нақты түсіну маңызды екенін атап өтті. Бұдан басқа, бизнесті алдын ала дайындау үшін ШОБ үшін қандай жобалар қолжетімді болатыны туралы ақпарат қажет. Сонымен қатар, шешуді талап ететін бірқатар мәселе бар.

 «Олардың қатарында – инфрақұрылым мәселелері. Қазіргі кезде зауыт орналасқан АЭА аумағында сыртқы инфрақұрылым толығымен дайын. Бірақ ШОБ-қа бөлінген ішкі учаскелерге инфрақұрылым тартылмаған. Біз инфрақұрылым мәселелерін жеке назарға қоямыз.  ҰКП ретінде оларды түрлі деңгейде талқылауға мүмкіндігіміз бар. Біз форумнан кейін өз пікірімзді айтып, ұсыныстарымызды ортаға саламыз. Сонымен қатар, қаржыландыру мәселелері реттелуі керек. Мұнда «Бәйтерек»ҰБХ мен қаржы институттарының позициясы қажет. Біз әзірлейтін бағдарлама ШОБ-ты дамыту үшін өте маңызды, ірі өндіріс кәсіпорындарының айналасында одан әрі қайта бөлудің дамуына серпін береді. Бұл ішкі нарықтың қажеттіліктерін өтеп қана қоймай, экспортқа да шығуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Райымбек Баталов.

Спикердің пікірінше, осы міндетті іске асырудағы басты шарт – өндіріс, қаржы институттары, жергілікті атқарушы органдар және, бизнестің синергиясы. Барлық мүдделі тараптардың ынтымақтастығы Мемлекет басшысының отандық өңдеу өнеркәсібін жергілікті шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі жүйелі шараларды әзірлеуге қатысты тапсырмасын тиімді орындауға ықпал ететін болады.

Райымбек Баталов Ұлттық палата осы жұмыстың үйлестірушісі болып, мүдделі тараптармен бірлесіп, жоғарыда аталған барлық мәселе кіретін саланы дамытудың нақты жоспарын ұсынатынын атап өтті.

Форум барысында бизнес, «Атамекен» ҰКП, «ҚазМұнайГаз» ҰК», «Бәйтерек» ҰБХ, жергілікті атқарушы органдар және мұнай-газ химиясы саласының өкілдері қатысып, қатысушылар Қазақстанның түпкі өнімін және жалпы мұнай-газ химиясы саласын өндіру бойынша отандық бизнесті дамыту перспективаларын талқылады. Тараптар өз міндеттемелерін бірқатар меморандумға қол қою арқылы бекітті.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Қарасай ауданындағы шағын сурет салоны қалай ашылды?

29.09.2022

25 жыл мал баққан азаматтарды зейнетке ерте шығару ұсынылды

22.06.2023

Bitcoin тағы 2022-стильді түрлендіргіші? Міне, сіз білуіңіз керек! – амбкрипто

06.05.2025
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа