No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бизнестің кәсіби терминдері туралы білесіз бе?

16.10.2022
Жаңалықтар, Керек-дерек
1
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Бизнес те өзге салалар секілді өзіндік терминдерден тұрады. Бұл терминдерді кез келген бизнес бастаймын деушілер білуі керек. Kazbusiness.kz сайты назарыңызға негізгі бизнес терминдерді ұсынады.

А/В тестілеу – тауардың екі нұсқасын салыстыру. Бұл арқылы қай тауардың тез сатылатынын немесе тиімді екенін тексереді.

Блеймсторинг – мақсатқа жетуге кедергі болған факторды немесе адамды ұжым болып іздестіру әдісі.

Бутстреппинг – компанияны сырттан қаржы іздемей-ақ, өз қаржысы арқылы қамтамасыз ету.

Бенчмаркинг – компанияның көрсеткішін жалпы саланың орташа көрсеткішімен, бәсекелестердің статистикасымен салыстыру.

Ашық мұхит – мүлде бәсекелес жоқ жаңа сала.

Дауншифтинг – жалақы және мансаптан бас тартып, «өзі» үшін өмір сүруді дәріптейтін өмірлік философия.

Дисижнмейкер – шешім қабылдайтын маман. Бұл термин сату бөлімінде  маңызы зор.

АТ-евенгелист – ақпараттық технологиялар саласында үгіт-насихат жұмысымен шұғылданатын маман.

Краудинвестинг – онлайн-сервистер арқылы инвестиция жинау процесі.

Краудшиппинг – қажетті маршрут арқылы жүретін қарапайым турист немесе жолаушы арқылы тауарды жеткізу.

Маркетингтік лид – сайтта байланыс нөмірін қалдырған тұрақты клиенттер немесе тауарға қызығушылық танытқандар.

Митап – тәжірибе алмасуға немесе мәселелерді талқылауға бағытталған мамандардың кездесуі.

Необанктер – ғаламтор арқылы қызмет көрсететін банктер.

Перфоманс-менеджмент – мамандардың кәсібилігін, мақсатқа жету процесін бақылауға бағытталған басқару үлгісі.

Пивот – бизнес-үлгіні, тауарды немесе стартаптың саласын өзгерту.

Прекариат – уақытша міндетті орындайтын мамандар.

Роадмап – компанияның алдағы әрекеттерін жоспарлау.

Токен – инвестордың кәсіпорыннан алып отыратын цифрлық активтері.

Трекшн – белгіленген уақыт аралығындағы жобаның алға жылжуын, коммерциялық көрсеткіштерін бақылау.

БСҰ (бірегей сауда ұсынысы, уникальное торговое предложение) – компанияның бәсекелестерден артықшылығын көрсететін ұсынысы.

Экзит – компаниядағы үлесті сату.

ARR (Annual Recurring Revenue) – жылдық жаңарып отыратын табыс.

Burn rate – ай сайынғы компанияның шығыны, орта есеппен алынады.

MVP – тауардың қарапайым прототипі. Бұл нарықтағы сұранысты тексеруге арналады.

CPC – ғаламторда жарнама беру. Сайт иесі жанаманы сайтына орналастырады. Ал клиент оның қаржысын төлейді.

Churn rate – компаниямен қарым-қатынасты тоқтатқан тұтынушылар саны.

Deadlock – бірнеше процесс бір-біріне бөгет жасағандықтан тығырыққа тірелуі.

MRR – ай сайынғы өзгеріп отыратын табыс мөлшері.

NPS – клиент тәжірибесін және компаниямен қарым-қатынасын бағалауға мүмкіндік беретін құрал.

ROI – инвестицияның ақталуы. Әрбір жұмсалған қаржыдан түскен пайда мөлшері.

UGC – тұтынушылық контент. Клиенттердің пікірі негізінде пайда болған контент.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/sayahatty-syemin/65420/

Байланысты Материалдар

Алматы облысында оқушы қызды ұрлап бара жатқан 36 жастағы еркек ұсталды

05.06.2023

ІІМ: Бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс жасалды

05.06.2023

Мүгедектігі барлар мен асыраушысынан айырылғандар қанша алады?

05.06.2023

Алматыда полицей әріптесінің қолынан қаза тапты

05.06.2023

Мемлекет ауылдардың дамуына 200 млрд теңге бөлді

05.06.2023

Алматы облысындағы мектеп жекенің қолына 15 млн теңгеге сатылған

05.06.2023

Ұсынылатын материалдар

Кореялық инвесторлар Алматы облысында лифт шығаруға ниетті

16.09.2022

10 мыңға жуық сайлау учаскелері ашылды

19.03.2023

Биыл ел халқының қаржылай сауаты 39,02 пайызды құрады

24.11.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Алматы облысында оқушы қызды ұрлап бара жатқан 36 жастағы еркек ұсталды
  • ІІМ: Бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс жасалды
  • Мүгедектігі барлар мен асыраушысынан айырылғандар қанша алады?

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа