No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Бизнестің жол картасы — 2025» бағдарламасының грантын қалай алуға болады?

04.01.2023
Жаңалықтар, Керек дерек
7
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

«Бизнестің жол картасы — 2025» бағдарламасының грант мөлшері қанша?

«Бизнестің жол картасы — 2025» бағдарламасы — кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама.

Бағдарлама грантына ие болғандарға 2 миллион теңгеден 5 миллион теңгеге дейінгі сома қайтарымсыз беріледі. Бағдарлама операторы — облыстардың, қалалардың кәсіпкерлік және туризм басқармасы. Қатысушылар грантқа әр қаланың әкімдігі немесе әкімдік ашқан сайт арқылы өтінім жібере алады.

«Бизнестің жол картасы — 2025» бағдарламасына кімдер қатыса алады?

Бағдарламаға мына тұлғалар қатыса алады:

  • шағын кәсіп иесі, оның ішінде кәсібін енді бастаушылар мен жас бизнесмендер;
  • әйелдер;
  • мүгедектігі бар азаматтар;
  • 50 жастан асқан азаматтар.

Бағдарлама шартына сай келетін әр кәсіпкер іріктеуге бір инновациялық бизнес-жоба ұсынуы керек.

«Бизнестің жол картасы — 2025» бағдарламасының шарты қандай?

Бағдарламаның міндетті шарты — кәсіпкердің ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10% мөлшерінде оны жүзеге асыруға арналған шығынды бірлесіп қаржыландыруы. Бұл талап бойынша жобаға қатысатын жеке жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік те ескеріледі. Бірақ шарт халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үшін міндетті емес.

Жаңа жұмыс орнын ашу және бизнес-жобада инфрақұрылым құратын инвестициялық жоспардың болуы да бағдарлама шартына кіреді.

«Бизнестің жол картасы — 2025» бағдарламасы грантына өтінім беру үшін қандай құжат жинау керек?

  1. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелері;
  2. мемлекеттік гранттар беруге арналған байқау іріктеуіне қатысуға өтінім;
  3. заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің немесе жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарламаның көшірмелері;
  4. бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқ екені туралы өтініш берген күнге дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей берілген анықтама;
  5. жетекшінің қолымен және өтініш берушінің мөрімен куәландырылған (болған жағдайда) өтініш берген кездегі қызметкерлердің орташа саны туралы анықтамалар;
  6. бизнес-жоспар түрінде дайындалған бизнес-жоба;
  7. осы бағдарлама немесе «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша кәсіпкердің курстан өткенін растайтын 2 жылдан аспайтын мерзімдегі құжаттың көшірмелері;
  8. кәсіпкер атынан өтініш беру құқығына сенімхат, адвокат паспортының көшірмесі (заңды тұлға атынан — заңды тұлға куәландырған);
  9. ұсынылған мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10% мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығындарды бірлесіп қаржыландыратын қолма-қол ақшаның немесе жылжымалы/жылжымайтын мүліктің қолда бар екенін растайтын құжаттар, қаражаттың немесе құжаттардың бар екендігі туралы банктік шоттан үзінді. Бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар (Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қоспағанда);
  10. өтінім берушінің халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына жататынын растайтын құжат.

«Бизнестің жол картасы — 2025» бағдарламасы арқылы алынған қаражатты кәсіпкер қайда жұмсай алады?

Кәсіпкерлер мемлекеттік грантты мына нәрсеге пайдалана алады:

  • жаңа бизнес-идеясын жүзеге асыруға қажет негізгі құралдар алуға;
  • шикізат пен материалдар сатып алуға;
  • материал емес активтерді, технологияларды, кешенді кәсіпкерлік лицензия құқығын алуға (франчайзинг);
  • зерттеулер мен жаңа технологияларды енгізуге байланысты шығындарға.

Кәсіпкерлер меемлекеттік грантты мына нәрсеге пайдалана алмайды:

  • жалға алу төлемдері ретінде, жылжымайтын мүлікті немесе жер учаскелерін сатып алуға;
  • серіктестікке тәуелді немесе серіктестікке жататын тұлғалардан негізгі құралдарды сатып алуға (қызметтерді алу, жұмыстарды орындау);
  • бұған дейін пайдаланылған жабдықтарды сатып алуға.

«Бизнестің жол картасы — 2025» бағдарламасы бойынша қандай кәсіпкерлерге грант берілмейді?

  1. қайта құру кезеңінде тұрған, тараған немесе банкрот болған, оған қоса Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметі тоқтатылған;
  2. салықтар мен мемлекеттік бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі бар;
  3. негізгі қызметі жылжымайтын мүлікті жалға беру болып саналатын;
  4. кәсіпкердің жобаға қатысатын жеке жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті қоса алғанда, ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10% мөлшерінде оны жүзеге асыруға арналған
  5. шығынды бірлесіп қаржыландыра алмаса (халықтың әлеуметтік әлсіз топтары есептелмейді).

Байланысты Материалдар

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

10 мыңға жуық сайлау учаскелері ашылды

19.03.2023

Елімізде азық-түлік бағасы тағы да қымбаттады

18.03.2023

Ауыл оқушылары “жасанды көз” ойлап тапты

18.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Алматы облысында бизнеске заңсыз араласқан 16 лауазымды тұлға сотталды

25.11.2022

Ағаш өңдейтін кәсіпорындар ресейлік шикізатты көлікпен тасымалдай алады

11.01.2023

Мемлекеттен қолдау алатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің тізімі азайды

21.09.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды
  • Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді
  • Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа