26 сәуір – 9 мамыр аралығында еліміздің Халыққа қызмет көрсету орталықтары жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу саласындағы қызметтің барлық түрін көрсетпейді, деп хабарлады kazbusiness.kz.
Уақытша тоқтайтын қызмет түрлері:
- жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу
- жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру
- міндетті тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлікті тіркеу
Сондай-ақ, 2 мамырдан 9 мамырға дейін нотариус, салық, екінші деңгейлі банк және әділет министрлігінің қызметі eGov.kz арқылы ұсынылмайды.
Бұл “Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры” жаңа ақпарат жүйесіне көшумен байланысты.