Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дамир Исмағұлов UFC-де екінші рет жеңілді, деп хабарлайды kazbusiness.kz тілшісі.
Дамир Исмағұлов бұл жолы АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC Vegas 76 үлкен турнирінде өнер көрсетті.
Оның қарсыласы америкалық Грант Доусон болды. Файтерлер арасындағы жекпе-жек жеңіл салмақта өтті. Кездесу белгіленген уақытқа дейін созылып, АҚШ өкілінің жеңісімен аяқталды.
Төрешілер бірауыздан Грант Доусонды жеңімпаз деп таныды. Осылайша, Дамир Исмағұлов UFC-де екінші рет жеңіліп отыр. Дегенмен, осыған дейін Дамирдің UFC-де бес рет жеңіске жеткенін айта кетелік.
Ал Грант Доусонме кездесу Дамир Исмағұлов үшін UFC-пен келісімшарт аясындағы соңғы жекпе-жек болатын. Алайда спортшыға бұған дейін жаңа келісімшарт ұсынылған еді.