Дәрінің бағасы шектік бағадан асса онлайн шағымдануға болады деп хабарлайды Kazbusiness.kz
Бұл үшін арнайы DariKZ мобильді қосымшасыны қызметі іске қосылды.Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығынның мәлімдеуі бойынша қосымшаға жаңа өзгерістер енгізілген. Қосымшасының жаңа нұсқасы арқылы дәріханаларда дәрі-дәрмектер бағасы рұқсат етілген шекті межеден асыра қойылған жағдайда шағымдар түсіруге болады.
Дәрі бағасының асыра қойылуы жөнінде мәлімдеуге ыңғайлы болуы үшін әзірлеушілер командасы «Шағым» нысанына кері байланыс мақсатында енгізілген мобильді телефон нөмірінің дұрыстығын тексеру, аймақ пен шекті бағаны (бірдей баға қойылғанда) автоматты толтыру тетігі бар.
Бұдан бөлек, пайдаланушы сәтті жіберілім жөнінде ақпараттық мәлімдеме алады.