Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 28-30 маусымдағы Құрбан айт мейрамына қатысты қала тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
СЭБД Құрбан айтты тойлау кезінде мал сою және сату орындарында санитарлық нормаларды сақтауға кеңес береді.
“Атап айтқанда, әрбір ауыл шаруашылығы малына тиісті ветеринариялық құжаттары бар (ветеринариялық паспорт, ілеспе құжаттар, құлақшалар) және малды сату және сою ветеринариялық қызметтің рұқсаты бар орындарда жүргізілуі керек”, – деді хабарламада.
Сондай-ақ санитарлық дәрігерлер мал сойылғаннан кейін қалдықтарды уақтылы залалсыздандыру және шығару, жеке бас гигиенасы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
СЭБД басшысының орынбасары Гауһар Қаткенованың айтуынша, қазір қалада ішек инфекциясын жұқтыру жағдайлары жиілеп барады.
Осыған байланысты ол қоғамдық тамақтану орындарында және мешіттердегі іс-шараларды өткізу кезінде мынай ережелерге ерекше назар аудару қажет екенідігін атап өтті: