Депозиттік операцияларды жүргізу кезiнде кез келген банк өздері дайындаған депозиттік саясатты ұстанады және олар өз кезегiнде келесi ережелерге негiзделедi:
депозиттік операциялар банктің пайда табуына немесе болашақта пайда табуға мүмкіндік жасауға негiзделiп ұсынылады;
депозиттік операцияларды ұйымдастыру үдерiсiнде депозиттік операциялар субъектiсiнiң ар түрлiлiгiне және депозиттердің әр түрлi нысандардың үйлесiмдiлiгiне ұмтылыс болады;
депозиттік операцияларды жүзеге асыру барысында осы және депозиттер мен несиелiк салымдардың мерзiмдерi мен сомалары бойынша несие ұсыну операциялары арасындағы өзара байланыс пен өзара келісімділіктің болуын қамтамасыз ету қажет;
депозиттік операцияларды ұйымдастыру үдерiсiнде банк балансының өтiмдiлiгiн жоғары деңгейде қамтамасыз ететiн мерзiмдiк депозиттерге ерекше назар аударған жөн;
депозиттік операцияларды ұйымдастыра отырып, банк депозиттік шоттардағы бос қаржы резервтерінің ең аз болуына талпынуы керек;
депозиттердi тартуға әсер ететiн банктiк қызметтерді дамыту және қызмет керсету сапасы мен мәдениетiн жоғарылату шараларын қарастырған жөн.
Көптеген ұсақ және шағын банктер үшін депозиттер ақша қаржыларының басты көзi болып табылады. Банктер қаржы нарығында қаржылық делдал ретiнде басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың, тұрғындардың уақытша бос ақша қаражаттарының iрi сомасын орналастырады. Банктер бұл қаржыларды тиiмдi пайдаланып, олардың сақталуын қамтамасыз етедi және қарыз алушыларға табысты негiзде ұсынады. Көптеген жеке тұлғалар, iскер фирмалар, акционерлiк компаниялар, және кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкiмет мекемелерi, мемлекеттiк кәсіпорындар, жергiлiктi органдар өз қаржыларын коммерциялық банктерге салады.