“Ауыл” партиясының фракциясы Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың атына тиісті депутаттық сауал жолдады, деп жазады kazbusiness.kz.
Оның ішінде, ауыл шаруашылығы өнімін шығару, қайта өңдеу, өткізу, экспорттау, импорттау бойынша айналымдарды қосылған құн салығынан да босату да бар.
“Еліміздің тұтас ауылшаруашылық саласы, соның ішінде ірі агрохолдингтер барлық салықтарды қоса алғанда жылына шамамен бар-жоғы 50 млрд теңге салық төлейді. Бұл еліміздің бюджетіне түсетін барлық салық түсімдерінің нөл бүтін оннан бес пайызына да жетпейді. Біздің ойымызша, ел экономикасы мұндай салық жетіспеушілігін көтере алады. Ал, дәл осы салықтан босату шарасы ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына және сол арқылы шығындардың кіріс ретінде мемлекеттік қазынаға еселеніп қайтуына оң ықпал етеді деп есептейміз”, – деді Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден.
Оның сөзінше, соңғы үш жылдың ішінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден осы мәселе бойынша 200-ден астам өтініш түскен.
Дереккөз: Atameken Business