No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Дулат Тастекей: “Кәсіпкер уақыт өте бизнесменге айналады, ал бизнесмен кәсіпкерге айнала алмайды”

07.12.2022
Жаңалықтар, Керек-дерек
22
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Дулат Тастекей – кәсіпкер, меценат, Tascredit компаниясының негізін қалаушы. Шағын ломбардтан басталған оның компаниясы Қазақстанның қаржы саласына жаңа леп алып келді. Назарларыңызға кәсіпкердің “Өте маңызды” кітабының қысқаша мазмұнын ұсынамыз. 

«Өте маңызды» кітабы 15 тарау, 235 беттен тұрады. Автордың алғысөзінен басталатын кітаптың әр тарауы бизнестің бір кірпіші іспеттес. Бизнес ұғымының қазақша этимологиясынан бастап, кәсіптің ішкі миссиясын, бренд қалыптастырудың маңызын қамтып, бизнесменнің әлеуметтік жауапкершілігін де жазған. Дулат мырза теориядан бөлек өз басынан өткен кейстерді кірістірген. Кітаптың әр тарауы маңызды. Дегенмен қаймағын жинап, назарыңызға ұсынып отырмыз.

“Бизнесмен қазақи түсініктегі білгенін істеп жүре беретін адам емес, керісінше, шаруасы бастан асатын, әрдайым қарбалас, қазіргі заманның адамы дер едім”, – деп келтіреді Дулат Тастекей

Бизнес vs Кәсіп

«Бизнес, кәсіп» сөздерін жиі естиміз. Бір-бірінен айырмашылығы жоқ сияқты көрінуі мүмкін. Автор бұл сөздердің аражігін ажыратып берді. Тіпті, тереңірек түсіну үшін кәсіпкер мен бизнесменнің сипаттамасын кесте түрінде келтірген. Қысқаша айтсақ, кәсіпкер – өнертапқыш, жаңа дүние ойлап табады. Ал бизнесмен – бұрыннан келе жатқан бизнес-идеяны жүзеге асыратын адам. Автордың айтуынша, кәсіпкер уақыт өте бизнесменге айналады, ал бизнесмен кәсіпкерге айнала алмайды.

Автор бизнестің брендке айналуын өте маңызды дүние деп қарастырады. Тұтынушылардың бизнеске, қызметке, тауар түріне көзқарасы өзгерген. Олар тұтынатын тауарды кімнің жасағанын, кімнің өнімі екенін білгісі келеді. Қазақстандық кәсіпкерлердің арасында жеке брендін қолға алғандары санаулы және бұл үрдіс жақын арада өзгеруі тиіс дейді.

Кәсіпкер үшін кей кезде табыс пен тұрақтылықты ғана ойлап қоймай, шытырман оқиғаның (adventure) ортасында жүре білетін авантюрист болуы да маңызды. (Дулат Тастекей!

 

 

Кітапта одан бөлек “стартап” сөзінің мағынасы анық жазылған.

«Стартап – бұл ең алдымен IT, заманауи технологияға негізделген жаңа бизнес түрі», – дейді автор.

Қазір бұл сөздің сәнге айналғаны сонша, кез келген басталған істі «стартап» деп атай береді. Стартаптың негізгі функциясы –  жаңа нәрсе ойлап тауып, оны заманауи технологиямен ұштастырып, кәсіпті жолға қою.

Бизнесте серіктес керек пе?

Бизнес жүргізуде серіктестің болуы да өте маңызды дүние екенін атап өтті. Қандай жағдайда сіз бизнесіңізге серіктес іздеуіңіз керек? Автор 4 жағдайды айқындады:

  • Капитал іздеген кезде. Бұл жағдай бәріне түсінікті сияқты.
  • Ақша емес, білім керек кезде. Кәсіби біліміңіз аз болса, өзіңізден білімді серіктес іздеңіз.
  • Идея мен стратегия керек кезде. Ақша бар делік. Алайда, идея мен мықты құрылған стратегия болмаса, құр идеядан пайда жоқ.
  • Қорғаныш керек болғанда. Бизнес кеңейген сайын көз тігетіндер, бәсекелестер көбейеді. Беделі бар, тәуекел, қауіптен аман шығаратын серіктес табыңыз.

Серіктес таптыңыз делік. Енді келіссөз бастау керек қой. Асықпаңыз! Серіктестік жөнінде келіссөз жүргізбес бұрын төмендегі сұрақтарға жауабыңыз дайын болуы керек:

  • Мен келіссөздерден не күтемін?
  • Менің тұрақты серіктесім не істейді?
  • Біздің қажеттіліктерімізді үйлестіруге бола ма?
  • Сәтсіздікке ұшырасақ, компанияма қандай зиян келеді?
  • Менің талаптарым мен ұсыныстарымды серіктесім қалай қабылдайды?
  • Серіктесімнің қандай шешімі мен үшін ыңғайлы?
  • Менің компаниям қандай табысқа қол жеткізе алады?
  • Серіктесімнің компаниясы пайданың қандай үлесін алады?

Сіз серіктес алсаңыз да, біреуге серіктес болсаңыз да, көмегім тиеді, тәжірибеммен бөлісемін деген ниетте болыңыз. Басқа жағдайда серіктес болудың мәні жоқ.

Стратегиялық даму

Кәсіпкердің басқару объектілерінің бірі – стратегиялық даму. Осыған байланысты автор VUCA түсінігі туралы жазады:

  • Volatility – өзгеріс, тұрақсыздық;
  • Uncertainty – белгісіздік;
  • Complexity – қиындық;
  • Ambiguity – екіұшты болу.

Автор ойынша, қазіргі бизнес осы ұғымның айналасынан аса алмай жүр. Пандемия, кепілдіктің болмауы – соған дәлел. Стратегия компанияның даму бағытын, қандай көрсеткіштерге ұмтылатынын айқындауы керек. Кемінде 3 жылдан 5 жылға дейінгі аралықты қамтиды.

Стратегия қарапайым армандаудан басталады. (Дулат Тастекей)

Кітап бизнес, кәсіп жүргізіп отырғандар мен осы салаларға қызығатын оқырманға пайдалы болары анық. Сылдыр сусыз, өмірден алынған жайттармен өрнектелген, қысқа да нұсқа жазылған құнды ақпарат. Бұл мақалада біз тек кішігірім анонс жаздық. Кәдеңізге жарайды деген үміттеміз!

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Кәсіпкерлік туралы аңыздар

14.07.2022

Шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий уақыты ұзарады

24.11.2022

30 пайыз: жеңілдетілген автонесие рәсімдеуде алдын ала төлем жасау заңды ма?

08.12.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа