No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Е. Қарашөкеев: Қазақстан өзін астықпен толық қамтамасыз етеді

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев егін жинау науқаны мен малды азықпен қамтамасыз ету туралы айтып берді. Бұл туралы kazbusiness.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

26.08.2022
Жаңалықтар
3
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Оның айтуынша, биыл Қазақстан қолда бар қорлар мен жаңа өнім есебінен өзін астықпен толық қамтамасыз етеді. Бүгінгі күні 2,2 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды, бұл жалпы жинау алаңының 13,9% құрайды. өткен жылы осындай күнге 2,5 млн. га немесе 15,9% жиналған болатын). Гектарына орта есеппен 14,6 центнер түсімділікпен 3,3 млн. тонна астық бастырылды.

«Жалпы астық жинау көлемі болжам бойынша 18,3 млн. тонна болады, оның ішінде бидай 13,4 млн. тоннадан асады деп күтіліп отыр. Бұдан басқа, республикада 3,1 млн. тонна көлемінде ауыспалы астық қалдығы, оның ішінде 2,5 млн. тонна бидай бар. Бұл республиканың ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз етуге, сондай-ақ астықтың белгілі бір көлемін экспортқа шығарып, тиісінше дәстүрлі нарықтарымыздағы сауда позицияларымызды сақтау үшін жеткілікті», – деді Ербол Қарашөкеев.

Бұдан бөлек, Азық-түлік корпорациясында 362,8 мың тонна көлемінде резервтік астық қоры бар. Аталған астық көлемі қажет болған жағдайда ішкі нарықты тұрақтандыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ішкі нарыққа жіберілетін болады. Мәселен, биыл Азық-түлік корпорациясының резервтерінің арқасында әлеуметтік нан бағасын тұрақтандырған болатын.

Сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы министрі ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын азықпен қамтамасыз ету үшін азықтық дақылдардың егіс алаңдары 448,1 мың.га 3,7 млн. га дейін ұлғайтылғанын айтты.

«2022 жылға облыс әкімдіктері мал азығын сатып алу құнын арзандатуды субсидиялауға 11,5 млрд.теңге бөлді. 200 мың тонна көлемінде жемдік астық сатып алу үшін Азық-түлік корпорациясының жарғылық капиталын ұлғайтуға 20,0 млрд. теңге қаржы бөлу мақұлданды», – деді министр.

Бүгінгі күні 21,0 млн. тонна шөп дайындалды, бұл жоспардың 87,3%, жалпы жоспар 24,1 млн. тоннаны құрайды. Жемшөп дайындаудың негізгі жұмысы қыркүйек пен қазан айында жүргізілетін болады.

Ауыл шаруашылығы министрлігі егін жинау және мал азығын дайындау жұмысын тұрақты бақылап отыр.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

фото: ашық дереккөз

Атырау облысында кәсіпкерлер заңсыз азық-түлік бағасын көтермелеген

12.08.2023

Халықаралық ұйымдар Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылына оң баға берді

02.06.2023

USD / TWD: Доллар Taiwan Tumult компаниясы Taiwan Tumult компаниясы «Bloomberg.com» сауда-саттықпен айналысады

06.05.2025
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа