Айта кетейік, тексеріс тағайындау туралы актіде көрсетілмеген тексеруші тұлғалар тексеріс жүргізуге құқылы емес. Сондай-ақ, тексеріс 30 жұмыс күнінен аспауы керек. Оның басталуы болып тексеріс тағайындау туралы акті тапсырылған күн есептеледі.
Тексеріс кезіндегі кәсіпкер құқығы
- Егер жүргізілетін тексеру тексеріс нысанасына жатпаса немесе актіде көрсетілген кезеңге жатпаса, ондай мәліметтерді бермеуге;
- Лауазымды тұлғаның қызметіне кедергі келтірмей, аудио және бейнетехниканың көмегімен тексеріс процесін жазып алуға;
- Тексеріс тағайындау туралы, тексеріс нәтижелері туралы актіге, сондай-ақ тексеруші тұлғаның әрекеттеріне жоғары тұрған мемлекеттік органға не сотқа шағым беруге;
- Сіздің қызметіңізді шектейтін, тексерушілердің заңда негізделмеген тыйымдарын орындамауға (мысалы, ешқандай негізсіз қызметті тоқтата тұру туралы талап);
- Өз мүдделеріңіз бен құқықтарыңызға өкілдік ету мақсатында, тексеріс жүргізу кезінде сол жерде болуға, сондай-ақ тексеріске қатысуға үшінші тұлғаларды тартуға.
Тексеріс жүргізуші лауазымды тұлғаланың құқы жоқ:
- Осы бақылау және қадағалау органының тексеру парақтарында белгіленбеген болса, сондай-ақ егер мұндай талаптар мемлекеттiк органның атынан осы лауазымды адамдар әрекет етететiн мемлекеттік органның құзыретiне жатпаса, талаптардың орындалуын тексеруге;
- Егер зерттеп-қарау сынамалары тексеру объектiлерi болып табылмаса немесе тексеру нысанасына жатпаса, оларды (құжаттар, ақпарат, өнiм үлгiлерi, қоршаған орта объектiлерiн және өндiрiстiк орта объектiлерi) ұсынуды талап етуге;
- Хаттамаларды ресiмдемей тұрып өнiм үлгiлерiн емесе қандай да бір объектілерді iрiктеп алуға;
- ҚР заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру жүргiзу нәтижесiнде алынған және коммерциялық, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етуге немесе таратуға;
- Тексеру жүргiзудiң белгiленген мерзiмдерiнен асып кетуге;
- Мемлекеттiк бақылау мақсатында тексерiлетiн кәсіпкердің есебiнен төленетін iс-шараларды жүргiзуге құқылы емес.
Тексеріс қорытынд ысы қалай ресімделеді?
Тексерушілер 2 данада тексеру нәтижелері туралы акті жасайды, оның біреуі сізге тапсырылады. Егер ескертулер немесе наразылықтар болса, сіз оларды жазбаша түрде мазмұндай аласыз, олар актіге қоса тіркеледі.
Қандай тексеріс заңсыз болуы мүмкін?
- Тексеріс жүргізу негіздерінің жоқ;
- Тексеріс тағайындау туралы акті жоқ;
- Тексеріс жүргізу туралы хабарлама мерзімдерінің сақталмаған;
- Ерекше тәртіп және ішінара тексерістер бойынша тексерістер жүргізудің мерзімділігі бұзушылған;
- Кәсіпкерге тексеріс тағайындау туралы актіні ұсынбаған жағдайда;
- Лауазымды тұлағлар өздерінің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша тексерістер тағайындағанда;
- Тексеріс тағайындау туралы акті құқықтық статистика және арнайы есепке алу органарында тіркелмеген жағдайда тексеріс заңсыз деп танылады.