No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Егер үнемі ақша жетпесе, не істеу керек?

10.01.2023
Жаңалықтар, Қаржылық кеңес
5
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Орта табысты отбасы көбінесе жалақыдан жалақыға дейін өмір сүреді және «шығын» «кірістен» асып кетеді деп айтуға болады. Осы тұйықтан қалай құтылуға және отбасылық бюджетті дұрыс құруды қалай үйренуге болады?

«Кірістер мен шығыстарды есепке алу кестесін жүргізіңіз»

Отбасылық бюджетті жүргізу – әрбір отбасының қаржылық тәртібінің негізі. Қаржылық жоспар кіріс пен шығысты бақылау үшін қажет, соның арқасында Сіз ақшаңызды үнемдеп қана қоймай, көбейте аласыз. Және, сонымен қатар болашақта өзіңізді қаржылық тәуекелдер мен дағдарыстардан да қорғайсыз.

Ақшаның қайда кететінін түсіну үшін алдымен отбасының қаржылық кестесін жасау керек, онда Сіз кірістер мен шығыстарды көрсетесіз. Шығын кестесі жоспардан тыс сатып алуды ашып көрсетеді және үнемдеуге болатын шығыстарды объективті бағалауға көмектеседі.

 

Күнделікті барлық кірістер мен шығыстарды жазып отыруды әдетке айналдырыңыз. Цифрлық технологиялар ғасырында және смартфондарды қолдан тастамай пайдалану жағдайында «қаржылық жоспарлауға» арналған ақысыз бағдарламалар толып жатыр. Бұл бағдарламалар шығындарды бақылауға және отбасылық бюджетті дұрыс бөлуге көмектеседі.

Кестеге барлық міндетті шығындар мен жоспарланған сатып алуды енгізіңіз: коммуналдық төлемдер, тамақтану, жол жүру және басқалар. Болжамды сомаларды көрсете отырып, шығынға алып келетін барлық алдағы оқиғаларды енгізіңіз. Жақын арадағы шығындар мен сатып алуларды мүмкіндігінше толық және шынайы жасауға тырысыңыз.

 

«Шығыстарыңызды азайтыңыз»

Қаржылық жоспар кестесінен көріп отырғаныңыздай, кірістің көп бөлігі негізінен азық-түлік сатып алуға, тұрмыстық шығыстар мен қаржы ұйымдары алдындағы міндеттемелерге кетеді, егер ондай міндеттемелер болса.

Ағымдағы шығыстарыңызды оңтайландырыңыз. Азық-түлікке және тұрмыстық шығыстарға кететін шығындарды жүйеге келтіріңіз. Сіз жиі баратын дүкеннен жеңілдік немесе бонустық картаны алыңыз. Әдетте мұндай карталарды ұстаушылар 3-тен 20%-ға дейінгі жеңілдікке ие болады. Сондай-ақ, кешбэк (сатып алу сомасынан пайыздарды қайтару) бар жерде төлем карталарымен төлем жүргізген тиімді.

Салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Таза ауада серуендеу және дұрыс тамақтану сізді физикалық және эмоционалды тұрғыдан қолдайды. Бұл сонымен қатар барлық аурулардың алдын алу болып табылады және дәрі-дәрмектерді үнемдеуге көмектеседі.

Тиімді тарифтік жоспарларды қарастырыңыз. Мүмкін сіз қолданып жүрген интернет пен ұялы байланыс тарифтері ескірген шығар. Байланыс операторларының қызмет пакетін талдап, өзіңізді отбасыңызға ең тиімдісін таңдаңыз.

Өзіңіздің хоббиңізді жаңа табыс көзіне айналдырыңыз. Мысалы, сіз суретке түсіргенді ұнатасыз. Өзіңіздің суреттеріңізді сату үшін кәсіби фотограф болудың қажеті жоқ. Сіз фототіркелімдерінің біріне тіркеліп, фотосуреттерді орналастыра аласыз және әрбір жүктелген сурет үшін белгілі бір төлем аласыз.

Сіз үнемдей алған ақша сіздің таза пайдаңыз болып табылады. Сіз оларды инвестициялай аласыз, мысалы: депозитке сала аласыз. Әрқашан «қауіпсіздік жастықшасы» болуы керек екенін ұмытпаңыз.

«Қауіпсіздік жастықшасын» жасаңыз

Ешкім қол тигізбейтін қор, қауіпсіздік жастықшасы, «қиын күндерге» арналған ақша – аттары әр түрлі, бірақ мәні бір. «Тосын жағдайларға арналған қор» кем дегенде 6 айлық шығыстардан, тіпті Сіздің жылдық бюджетіңізден де артық болуы керек.

 

Қауіпсіздік жастықшасы неге керек? Қаржылық қауіпсіздік жастықшасы – бұл жинақталған жинақ сомасы, егер Сіз негізгі табыс көзін жоғалтсаңыз онда Сіз белгілі бір уақыт көлемінде өмір сүре аласыз. Осындай «қол сұғуға болмайтын қорыңыз» болса, Сізде ертеңге деген сенімділік пайда болады. Мысал үшін алысқа барудың қажеті жоқ, пандемия кезінде көптеген адамдар ақшадан қиындық көрді, өйткені олар жұмысынан айрылды немесе олардың қызметіне уақытша тыйым салынды.

Тағы бір жағымды сәт – ақша ақшаны шақырады дейді. Тәртіптілік және ақшаға ұқыпты болу болашақта Сізге жақсы қызмет етеді.

«Қауіпсіздік жастықшасына» жинақтап, өзіңізге мақсат қойыңыз – сол мақсаттарға жинаңыз. Қойылған мақсаттарға жету мерзімін анықтаңыз. Мерзім қысқа мерзімді де, ұзақ мерзімді де болуы мүмкін. Мысалы: жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік сатып алу үшін. Қаржылық жоспар Сіздің мақсатыңызға қарай жылжуыңызды бақылауға, қажет болған жағдайда шығындарды түзетуге және Сізді ынталандыруға көмектеседі.

«50-20-30» қаржылық жоспарлау әдісі

 

Бұл әдіс ай сайынғы кірісті мынадай етіп бөлуді көздейді:

кірістің 50% негізгі мақсаттарға жұмсалуы тиіс. Мысалы: тұрғын үй төлемі, коммуналдық қызметтер, ағымдағы шығындар.

20% – болашаққа инвестиция үшін. Бұл мәселен, қаржы ұйымдарының алдындағы міндеттемелерді орындау, қаржы жастықшасын жасау және жинақтау.

30% – ойын-сауық және демалу үшін. Мысалы, мейрамханаларға, киноға, демалысқа бару және т

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Аудан әкімдері инвестиция тарту жұмыстарын баяу жүргізіп жатыр – Марат Сұлтанғазиев

30.01.2023

Трамп автоматтарды 25% тарифтеріне жеңілдетті, өйткені олар бізге зиян келтіретін зауыттарға зиян келтіргеннен кейін, AP News

01.05.2025

Абай облысында орман өртіне оранған ауданның әкімі ауысты

14.06.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа