Екібастұз жылу стансасының бір бөлігі Клебановтың меншігінде қалады. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
«Бұл мәселедегі біздің қисын мынандай. Жылу қазандықтары, яғни қаланы жылумен жабдықтауға қатысатын негізгі қондырғылар қазірдің өзінде әкімдік балансына берілген. Бұл нысанның қысқа дайындығын қамтамасыз ету үшін жасалды. Иә, жылу стасасының иесіне қатысты, стансаны қолдануға қатысты маңызды мәселелер бар. Бақылау болу үшін жергілікті әкімдік жауапкершілікті өзіне алып отыр», – деді министр.