No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Елде газ бағасы көтеріледі деп күтілуде

22.06.2023
Жаңалықтар, Әлеумет
70
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қазақстанда сұйытылған газ бағасы кезең-кезеңмен көтеріледі. Бұл туралы энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов мәлімдеді, деп хабарлайды kazbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, газ бағасы төмен болғаннан кейін, оны тұтыну көлемі 28 пайызға өсіп кеткен. Ал өндіріс, керісінше, төмендеп бара жатыр.

“Біз келе жатқан тапшылықты байқап отырмыз. Ертеңгі күні газ не қымбат бағамен, не арзан бағамен болмайды деген болжам бар. Сол себепті біз газдың бағасын бірте-бірте әлеуметтік жағдайға қарай көтеруді жоспарлап отырмыз. Өкінішке қарай ол солай”, – деді Нұрмағанбетов сенаттың жалпы отырысында.

Сондай-ақ,  вице-министр газға көшкен автокөліктер саны да артып келе жатқанын атап өтті. Бүгінде олардың саны алты жүз мыңға дейін барады.

“Газ тұтыну көлемі болашақта өсе береді. Сондықтан нақты экономикалық балансқа келтіру үшін бағаны кезең-кезеңмен әр облыстың жағдайын ескеріп, көтеруді жоспарлап отырмыз”, – деп түсіндірді шенеунік.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев та сұйытылған газдың бағасын өсіруге қатысты пікір білдірді. Спикер бұл жағдайда мәселені жан-жақты зерделеп шешім қабылдау керектігін айтты.

“Тұтынушылардың көбеюіне, мемлекеттің жағдайына, өндіруші компаниялардың сұранысына байланысты сұйытылған газдың бағасын өсіру де керек шығар. Бірақ бұл мәселеде ақылдасып, жан-жақты пысықтап, әр өңірдің жағдайын ескеріп әрекет ету қажет. Орталықтан шешім қабылдай салып, өңірлерді туындайтын мәселемен бетпе-бет қалдырып қоюға болмайды. Сондықтан депутаттар осы мәселеге баса мән беріп отыр. Егер баға өсетін болса, ол жұмысты кезең-кезеңімен жүргізу керек”, – деді Әшімбаев.

Ол жергілікті жерлердегі әріптестермен кеңесіп, азаматтардың пікірлерін ескеріп, әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсете отырып шешім қабылдау керек екенін атап өтті.

Айта кетері, бүгін сенат отырысында “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сұйытылған газ айналымын реттеу және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң екі оқылымда қаралып, мақұлданды.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Ғани Бейсембаев оқу жылын ұзартуға қанша шығын кеткенін айтты

01.06.2023

Алматы облысында 132 мың борышкер 3,9 млрд теңге берешек

27.06.2022

Орташа айлық алатын қазақстандықтар пәтер ала алады ма?

31.10.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа