Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина биыл әлемнің үздік теннисшілерінің қатарына енді, деп хабарлайды Kazbusiness.kz
Әлем рейтингтің live-нұсқасында Елена Рыбакина бір саты алдыға жылжып, төртінші сатыдан үшінші орынға көтерілген. Сонымен қатар көш басында да өзгеріс тіркелді.
Бірінші орынға Беларусь өкілі Арина Соболенко шықса, польшалық Ига Швентек екінші болып тіркелді.
Жалпы WTA рейтингісінің қорытынды нұсқасы Франция ашық чемпионаты аяқталғаннан кейін жарияланбақ және теннисшілердің қорытынды орны олардың турнирде қалай өнер көрсететініне байланысты болады.
Айта кетейік, Қазақстанның бірінші ракеткасы Ролан Гаррос турнирінің алғашқы айналымында дүниежүзілік рейтингте 146-орында тұрған чехиялық 16 жастағы Бренда Фрухвиртовамен кездесіп, жеңіске жетті.