Қазақстанда пәтер бағасы төмендеуде, деп хабарлайды kazbusiness.kz порталы krisha.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Мамыр айының қорытындысы бойынша бір шаршы метр үшін орташа баға – 374 556 теңге. Бұл сәуір айымен салыстырғанда 0,4 %-ға аз.
Астанада 1,3%-ға, Өскеменде 1,2%-ға, Атырауда 1%-ға, Алматыда 0,9%-ға баға түсті.
Ал Шымкент, Тараз (+0,2 %), Семей (+0,4 %), Ақтау (0,5%) қалаларында үйдің бағалары көтерілді.
Сарапшылардың хабарлауынша, мамыр айының қорытындысы бойынша бір шаршы метр үшін ең жоғары орташа баға – Алматыда, 706 мың теңгеге жетті. Астанада 475 мыңға жуық, Шымкентте 433 мың теңге.
Ең арзаны – Қызылордада (236 мың), одан соң Ақтөбе (293 мың) және Таразда (306 мыңға жуық).
“Жыл басынан бері қайталама нарықтағы пәтерлер біршама қымбаттады, елде пәтер бағасы 0,4 %-ға өсті. Ең жоғары өсім Ақтауда, мұнда баға 4,2%-ға артты, ал Көкшетауда өсім ең төмен – 3,3 %. Бес айдың ішінде 12 қалада, оның ішінде Алматы, Шымкент қалаларында тұрғын үй 2%-ға жуық қымбаттады, ал бес қалада, оның ішінде Астанада 1,7% арзандады”, – делінген хабарламада.