No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Елімізде қазақ тілінде жұмыс істейтін ең алғашқы медициналық аппарат шығарылды

04.07.2023
Жаңалықтар
фото: ашық дереккөз

фото: ашық дереккөз

12
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қазақстандық мамандар Ультра дыбыстық зерттеу аппараттарының бағдарламалық жасақтамасын жасап, оны кореялық Samsung компаниясымен біріге отырып іске қосты. Бұл аппарат аурудың белгілерін бірден анықтап, оның алдын алуға таптырмас мүмкіндік береді. Отандық зауытта жасалған аппарат – қазақ тілінде қолдануға және қызмет көрсететін әлемдегі алғашқы ультрадыбыстық жабдық, деп хабарлайды kazbusiness.kz тілшісі.

Heka U7 – 12 тілді, оның ішінде қазақ тілін қолданатын аппарат. Мемлекеттік тілде қызмет ететін басқару панелі бар. 23,8 дюймдік мониторға қоса, 14 дюйм сенсорлық экран орнатылған. Ерекше эргономикалық дизайнда жасалған және 5 белсенді порты бар. Эластография мен Элостометрияның толық пакеті және S-vue технологиясы бойынша жұмыс істейтін монокристалды белгішелер орнатылған.

Тағы бір маңызды мәлімет, Қазақстанда бұл аппаратты жүкті әйелдердің скринингі кезінде қолдануға болады. Қазір компания бір жыл ішінде шамамен 150 ультрадыбыстық аппаратты елде қолдануға бермек. Алдағы уақытта көрші елдерге экспорттауды жоспарлап, жылына 300-ге дейін аппарат шығаруды көздеп отыр.

фото: ашық дереккөз

Айта кету керек, жаңа аппаратты қазақстандық Ordamed компаниясы өзінің алғашқы Ультра дыбыстық зерттеу аппараттарын Samsung компаниясының технологиясын қолдана отырып жасап шықты. Компания мамандары  жасанды интеллект және көлемді сканерлеу технологиялары бар мемлекеттік тілдегі ультрадыбыстық жүйелерге арналған бағдарламалық жасақтаманы әзірлеген. Heka U7 аталатын жаңа аппарат мамырдың 17-19 аралығында Сеулде өткен KIHE “Халықаралық денсаулық” көрмесінде таныстырылып, қонақтар оны сынақтан өткізіп көрді.

Мамандардың сөзінше, Heka U7 көп мүмкіндікке ие функциясы мен ыңғайлы интерфейсі медицина қызметкерлерінің күнделікті ультрадыбыстық зерттеулерін айтарлықтай жеңілдетпек. Аппараттың басты ерекшелігі енді оны қолдану үшін өзге тілді үйренудің қажеті жоқ. Оның барлық қызметі қазақ тіліне көшірілген. Бұдан бөлек, жаңа технология Samsung құралдарымен трансфер жасауға мүмкіндік береді. Оның бағдарламасын үнемі жаңартып отыруға болады. Осылайша, жыл өткен сайын бағдарламалық жасақтамасын да, визуализациясын да үнемі жаңалап отырады.

Функционалдық жағынан да  Heka U7 – әмбебап жүйе. Себебі клиникалық зерттеудің кең спектрін ашып, толық зерттеу жасауға мүмкіндік береді. Әртүрлі әрі күрделі клиникалық жағдайларды диагностикадан өткізетін құралдармен жабдықталған.

Жаңа аппараттың шығуына бірден бір себеп 2023 жылы 13-14 сәуірде  Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр үкіметтік сапармен Сеул қаласына барады. Осы сапар аясында қазақстандық Ordamed компаниясымен кореялық Samsung Medison компаниясы өзара технологиялармен алмасу туралы келісімге қол қойып, ультрадыбыстық аппараттар өндірісін жергіліктендіру процесін бастайды.

фото: ашық дереккөз

Ordamed елімізде заманауи медициналық жабдықтарды өндіреді. Компания кореялық жетекші өндірушілермен серіктесе отырып, жоғары сапалы медициналық жабдықтар желісін құрды. Медициналық жабдықтың негізгі бөліктерін кореялық серіктестері, яғни Samsung Medison, JW Bioscience, Bionet Co. Ltd., Genoray Co. Ltd. компаниялары шығарады.

Ал Ordamed осы жабдықтардан Қазақстан нарығына қажетті аппараттарды саралап, бағдарламалық әзірлемесін жасап шығады. Қазіргі таңда компания 3000-нан астам өнімді шығарып отыр. Ordamed медициналық мекемелерді кешенді жабдықтау, медициналық жабдықтарды монтаждау және техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ ЕПҰ-ны шығын материалдарымен қамтамасыз ету сынды жұмыстармен айналысады.

Әлемдегі экономикалық жағдайға және басқа факторларға байланысты логистикалық проблемаларға қарамастан, Ordamed өз технологияларын әрі қарай да дамыта бермек. Қуаныштысы, жақын арада компания 70-тен астам жаңа жабдық ұсынуды жоспарлап отыр.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

25 қап қоқыс: Балқаш көлінің экологиясы белсенділерді алаңдатуда

26.06.2023

«Startup day» – жас кәсіпкердің шам шырағы

24.06.2022

85 мыңнан астам адам салық декларациясын тапсырмады

12.09.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа