Елімізде индустрия министрлігі жаңа жоба әзірлеп, такси қызметіне қатысты бірнеше өзгеріс енгізбек. Егер жоба қабылданса жүргізушілері қызметіне кіріспес бұрын күнделікті медициналық тексеруден өтуі мүмкін. Сонымен қатар жолаушылар тасымалымен айналысатын азаматтардың жұмысына шектеу қойылып, демалу уақыты да белгіленеді, деп хабарлайды kazbusiness.kz тілшісі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Алматыда күн-түн демей жолаушы таситын такси жүргізушілерінің қатары көбейген. Күнделікті ұялы телефондарындағы қосымша арқылы такси қызметіне тапсырыс қабылдайтындар жаңа өзгерістерге наразы. Мәселен, сапар алдында көлігін техникалық бақылаудан өткізіп, өздері медициналық тексерістен өтіп отыруы керек. Сонымен қатар жолаушы және жүк тасу үшін арнайы TAXI белгісін пайдалануы тиіс.
“Егер өзгеріс қабылданса мысалы, Яндекс Go қосымшасы арқылы жұмыс істейтін таксистер арнайы әкімдік реестріне тіркеліп, жұмыс барысында “Автомобиль көлігі туралы” заң талаптарын сақтауға міндетті болады”, – делінген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Kolesa.kz-ке берген жауабында.
Әзірге медициналық тексерістен өту туралы талапты кімнің бақылайтыны белгісіз.