Жеміс-жидектердің көшетінің өзі шет елде асып келген. Атап айтсақ, голден рейндерс, гала, фуджи, гренни смит, ред иона принц, ред делишес сынды көшеттер Италиядан арнайы жеткізілген.
Табысты нәтижеге қол жеткізу үшін өнім сапалы болуы шарт. Алайда, тұтынушы көңілінен шығатын өнімді өсіруге бар жағдай қарастырылуы тиіс. Нарыққа жөнелтілетін жемістердің өзіндік
нәрін жоғалтпауы үшін де сақтайтын орны талапқа сай болуы керек.
Бұл тұрғысында серіктестік әр қадамын ойластырған. Олар 2018 жылы 4200 тонна жеміс сақтауға қауқарлы қойма салса, 2019 жылы сұрыптау желісін іске қосты.
Жобаның жалпы құны шамамен 3,3 млрд. теңгені құрайды. Игі шаруаның арқасында 47 тұрақты және 70 маусымдық жұмыс орындары құрылды.
Айта кетейік өндіріс көлемі жылына 5 000 тонна өнімді құрайды.
Сонымен қатар, Компания қарқынды бақтар мен жүзімдіктер үшін торлы жүйелерді салудың кешенді шешімдерінде қарастырып қойған.
Серіктестік жер телімін бөлуді, жобалауды, бетон торлары мен зәкірлерді өндіруді, барлық қажетті материалдарды жеткізуді, сондай-ақ жеткізу және монтаждау қызметтерін жүзеге асырады.
Естеріңізге саламыз, компания өз кезегінде итальяндық технология бойынша Орталық Азия нарығындағы бақшаларға арналған темірбетон торлы жалғыз өндіруші болып табылады.
Торлалардың жоғары сапасына қол жеткізу үшін компания алдын ала керілген темір-бетон конструкцияларын дайындауға арналған жабдықты өндіру бойынша 1968 жылдан бері тәжірибесі бар Италияның үздік өнім берушісін таңдаған.
Бүгінгі күні Алматы облысының әкімдігі Кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында компанияның көкөніс қоймасын салу бойынша жаңа жобаны іске асыруына жан-жақты көмек көрсетіп келеді.