No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Еңбекшіқазақ ауданындағы 6 алма бағында жеміс теру науқаны басталды

16.08.2022
Жаңалықтар, Дара кәсіпкер
23
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында еуропалық компания алма өсірумен айналысады. Қазіргі уақытта Қаратұрық ауылдық округінде орналасқан “Alma Green Fields” компаниясының бақтарында алма теру науқаны басталды. Аталған компания 1000-ға жуық адамды жұмыспен қамтып отыр, деп жазды Kazbusiness.kz Алматы облыстық “Жетісу” газетіне сілтеме жасап. 

“Alma Green Fields” компаниясының ауданда 6 алма бағы бар. Екеуі – Қызылшарықта, ал қалған төртеуі – Тауқаратұрық ауылының маңында орналасұан. Газет тілшісі көлемі 250 гектар болатын ең ірі баққа арнайы барып, жұмыс барысын көзбен көріп қайтты.

Бір айта кетерлігі, компанияда жұмыс істейтін агроном, бригадир, механик, гидротехник сынды мамандар өздеріне жүктелген міндеттерді ойдағыдай атқаруға тырысады. Себебі “Alma Green Fields” компаниясы адал қызметкерін қолдап, ынталандырып, алға қарай оздырады. Мәселен, күні кеше ғана ұжымға қатардағы жұмысшы болып қабылданған Мадияр Ізтілеу қазір бау-бақшаның есеп-қисабын жүргізетін білікті кадрға айналған.

“Қазақ ұлттық аграрлық университетінің түлегімін. Мамандығым – инженер-механик. Қолыма диплом алған соң, еңбек жолымды осындағы бау-бақшадан бастадым. Алғашында жұмысшы болдым. Сөйтіп бірте-бірте қызметім сатылап көтерілді. Алатын жалақымыз көңілден шығады, – дейді Мадияр.

Еңбегіне қарай өрлеген мұнда жалғыз Мадияр ғана емес. Трактор тізгіндеген Бекжан Сатыбалдиев те – қазір білдей бір механик.

Біздің жігіттер алма ағаштарының бұтақтарын кесуден шетелдіктерді жолда қалдырады», – дейді Мадияр.

Жақында Польшадан келген бағбандар олардың жұмыстарын жоғары бағалапты. Әрине, мұндай сөзді естігенде қалайша риза болмайсың?!

Жақсы қырынан көрінген мамандарды компания шетелге оқуға жіберуді дәстүрге айналдырған. Биыл агрономдар – Төлеген Еділ мен Мәдина Голландияға барып, бір апталық семинарға қатысып қайтыпты.

Осындай екі жақты тәжірибе алмасудың арқасында бау-бақшадағы өнім көлемі жыл өткен сайын артып келеді. Алма сақтайтын қоймалардың көптеп салына бастағаны – соның айқын көрінісі.

Алма теру науқаны аяқталған соң мұндағы еңбек үдерісі тоқтап қалмайды. Ары қарай артық бұтақтарды кесу басталады. Одан кейін ағаштардың түбін қопсытып, баптау жалғасады.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Мәжілісмен Назарбаевтың туыстары алған ақшаны қайтаруды талап етті

01.06.2023
фото: ашық дереккөз

Астанада бірбөлмелі пәтерлерге сұраныс күрт өсіп кетті

10.08.2023

Ақтөбедегі кәсіпкерлер палатасында “прокурор кабинеті” ашылды

09.10.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа