No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ербол Қарашөкеев Жетісу облысының ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына барды

10.10.2022
Жаңалықтар
1
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Жетісу облысында АӨК-те алдағы үш жылда құны 32 млрд теңгеге жуық 67 инвестициялық жоба іске асырылады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі жаңа аймаққа алғашқы жұмыс сапары кезінде мәлімдеді.

Өңірге сапар кезінде Ербол Қарашөкеев жұмыс істеп тұрған ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына барды. Атап айтқанда, Жетісу облысында 8,3 мың басқа арналған 36 сүт-тауар фермасы бар. Министр барған солардың бірі биыл өндірісті кеңейтуге қосымша 900 млн теңге инвестиция алды. Қазір «Каримов» ЖК сүт фермасында 900 бас ірі қара бар, оның 600 сауын мал. Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы саланы субсидиялау бөлігінде жоспарланған инновациялар туралы айтты. Мысалы, зауыттарға тапсырылған сүт үшін субсидия алуға үміткер ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде сүт құбыры бар машинамен сауу тиіс. Бұл өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Сонымен бірге, бұл норманың жеке қосалқы шаруашылықтардың сүтін жинаушы кооперативтеріне қатысы жоқ.

Ербол Қарашөкеев Жетісудің асыл тұқымды орталықтарының бірі – асыл тұқымды малдардың генофондын сақтауға және көбейтуге арналған «Асыл» ЖШС-нің қалай жұмыс істейтінімен танысты. Мұнда тұқымды криоконсервациялау жоғары технологиялық жабдықта жүргізіледі.

Өңір фермерлерін мал шаруашылығын субсидиялаудың жаңа ережелері мәселесі аландатады, атап айтқанда ұсынылған нұсқада ІҚМ аналық басын қолдан ұрықтандыру қызметі үшін асыл тұқымды, дистрибьюторлық орталықтарды субсидиялауды алып тастау көзделеді. Фермерлер мемлекеттік қолдаудың бұл түрін оңтайландыру тұқымсыз малдың көбеюіне және өнімділіктің төмендеуіне әкеледі деп алаңдайды.

Ербол Қарашөкеев селекциялық-асыл тұқымды жұмысты субсидиялау субсидияның ең жемқор түрі екенін түсіндірді. Бұл барлық бұзушылықтардың 41% құрайды.

«Антикор анықтаған көптеген фактілер бар, атап айтқанда жалған келісімшарттар жасасқан кезде, жалған қызметтер көрсетіліп, сол үшін ақша алған кездер анықталды.  Қазір бұл мәселе жұмыс топтары аясында қарастырылып жатыр Әрине, селекциялық-асылдандыру жұмыстары сақталады. Бірақ бақылау құралдары күшейтіледі», – деді министр.

Жалпы, министрдің айтуынша, мемлекет пен Үкімет басшысының қолдауының арқасында қазіргі уақытта бюджет қаражатын қосымша бөлуді ескере отырып, субсидиялаудың жалпы көлемі 451 млрд теңгені құрайды. Бұл 2021 жылғы деңгейден 20% – ға артық, оның ішінде Жетісу облысына 53 млрд теңге көзделген.

Ербол Қарашөкеев өңірдегі егін жинау науқанының барысымен де танысты. Жетісу облысында 284,8 мың га астық жиналып, 658,6 мың тонна астық бастырылды, орташа өнімділігі гектарына 23,1 центрнерді құрап отыр.  Ал қант қызылшасын жинауға келетін болсақ, өңірдегі тамыр дақылының егіс алқабы 6 мың га құрады, ал биылғы жылы өнімділік шамамен 400-450 ц/га құрады.

Сонымен бірге сапар барысында Ауыл шаруашылығы министрі Көксу қант зауытында болып, облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесті.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Алматы облысындағы 16 жылыжай жұмысын тоқтатқан-Аслан Ораз

27.01.2023

Қазақстанда орташа жалақы өсті

15.02.2023
фото: ашық дереккөз

СҚО-дағы шошқа кешенінде төрт адам қайтыс болды

02.08.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа