Кездесуді АӨК комитетінің төрайымы, «Ақжар-Өндіріс» агрофирмасы» ЖШС директоры Гүлзира Қазылова жүргізді. Жиынға ӨКП жанындағы Өңірлік кеңес төрағасы, «Blue-Star.PV» ЖШС құрылтайшысы Қобланбек Қожин, Палата директорының орынбасары Жомарт Сембаев, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдері қатысты.
«2022 жылы өнімді мал шаруашылығын субсидиялау, өнімділігі мен сапасын арттыру бағдарламасы бойынша барлық деңгейдегі бюджеттен 8,5 млрд теңге бөлініп, игерілді. 2023 жылы 6,8 млрд бөлінді, оның ішінде сүтті мал шаруашылығына – 2,1 млрд, етті бағыттағы мал шаруашылығына – 3,9 млрд, етті бағыттағы құс шаруашылығына – 150 млн, жұмыртқа құс шаруашылығына – 58,6 млн, қой шаруашылығына – 207,7 млн, жылқы шаруашылығына – 2,2 млрд. млн, шошқа шаруашылығына – 259,1, жем шығынын төмендетуге – 219,3, бие сүтін өңдеуге – 2,4», – деді Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Төлеген Көшербаев.
Сонымен қатар, оның айтуынша, 2022 жылға резервте тұрған өтінімдер бойынша 2,8 млрд теңге төленеді. Гүлзира Қазылованың шаруаларға төленетін төлем сомасының жеткіліктілігі туралы сұрағына спикер қаражат жетіспеген жағдайда өткен жылдардағы тәжірибе бойынша республикалық бюджеттен қаржы бөлуге сұраныс берілетінін айтты.
АӨК комитеті төрағасының айтуынша, сүт және ет фермалары арасында ірі жемге субсидия төлеуде теңгерімсіздік бар: мемлекеттен төлемнің негізгі бөлігін сүт-тауарлы фермалар алады.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші Жанат Ибраев айлық есептік көрсеткіш көлемінде субсидия төлеуді ұсынды. АЕК мөлшері бюджетті жоспарлау кезінде келесі жылы күтілетін инфляция деңгейіне қарай есептелетіндіктен, мұндай тәсілмен субсидия төлеу кезінде шаруаларға қолайлы әсер етер еді. Бұл, аграршының пікірінше, өте орынды болар еді, өйткені төлем мөлшері көптен бері көбеймеген.
Павлодар облысы жылқы өсірушілер қауымдастығының төрағасы Төлеген Асанбаев жылқы шаруашылығын қолдауды сұрады, өйткені бұл сала өкілдеріне төленетін субсидия көлемі дәл ешкі шаруашылығына сияқты жеткіліксіз.
Отырыс қорытындысы бойынша комитет мемлекеттік органдарға ірі қара малды, айғырларды сатып алу төлемдерінің көлемін ұлғайту бойынша ұсыныстар жіберу туралы шешім қабылдады, ағымдағы жылғы АЕК-ке сәйкес ауыл шаруашылығы саласында субсидияларды төлеудің қолданыстағы ережелеріне өзгерістер енгізуді ұсынады.