No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Фермерлерді несиелендіру шарттары тиімді бола түсті

Аграрлық кредиттік корпорация желісі бойынша АӨК субъектілерін қаржыландырудың жалпы көлемінің 40% - дан астамы кредиттік серіктестіктер арқылы рәсімделеді. Биылғы жылдың 7 айында 216 млрд теңгеден 90 млрд теңгесі несиелік серіктестіктерге қатысушыларды қаржыландыруға бағытталды.

19.08.2022
Жаңалықтар
3
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

2022 жылғы 17-18 тамызда Ақтауда “IV Кредиттік серіктестіктердің форумы” өтіп жатыр.  Іс-шараға бейнеконференция байланысы арқылы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов қатысты.

Аграрлық несие корпорациясы тікелей қаржыландыру жолымен де, сондай – ақ қаржы институттары – кредиттік серіктестіктерді, екінші деңгейдегі банктерді, микроқаржы ұйымдарын, лизингтік компанияларды қорландыру арқылы да АӨК субъектілеріне қолжетімді кредит беруді ұсынатын ірі қаржы институты болып табылады.

Мәселен, биылғы жылы АНК арқылы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері “Кең дала” бағдарламасы бойынша 70 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несиемен қамтамасыз етілді.

“Қалыптасқан макроэкономикалық жағдайды, теңгенің айырбас бағамының әлсіреуін, дала жұмыстарын жүргізу бойынша шығыстардың қымбаттауын ескере отырып, Ауыл шаруашылығы министрлігі қосымша 70 млрд теңге тарту және кредиттеудің жалпы көлемін 140 млрд теңгеге дейін жеткізу бойынша жұмыс жүргізіп, олар толық көлемде Аграрлық несие корпорациясына аударылды”, – деп хабарлады Ауыл шаруашылығы вице-министрі.

Шаруалар өз кезегінде несиелік серіктестіктер арқылы қаржыландыру тәжірибесімен бөлісті.  Мысалы,  “Мұнайлы несие” шаруа қожалығының құрамына 140-тан астам фермер кіреді. Жыл басынан бері қаржы институты жалпы сомасы 344,3 млн теңгеден асатын 18 жобаға кредит берді.

“Мұнайлы несие” қарыз алушыларының бірі – “Ақжол” шаруа қожалығы. Шаруа қожалығының басшысы Болат Есеналиев 2015 жылы ірі қара малды бордақылау бойынша өз бизнесін ашқан болатын.

“2021 жылы мен қызмет аясын кеңейтіп, жылқы шаруашылығымен айналыстым. Несиелік серіктестікте екі қарыз рәсімделді: біреуі – 20 жылқы және үш түйе сатып алуға, екіншісі – жүк тиегішті сатып алу бойынша.  Жалпы сомасы шамамен 33 миллион теңгені құрады. Қазір қой шаруашылығының жаңа бағытын игеріп жатырмыз”, – деді Болат Есеналиев.

IV Кредиттік серіктестіктердің  форумы аясында корпорация мен кредиттік серіктестіктердің өзара іс-қимылының аса өзекті мәселелері, бизнес-процестерді жетілдіру және оңтайландыру стратегиясы талқыланды. Форумға 140-тан астам несие серіктестіктерінің басшылары, “Бәйтерек” ұлттық басқарушы холдингі, Аграрлық несие корпорациясының өкілдері, жақын және алыс шетелдердегі несие кооперациясының көшбасшылары қатысып жатыр.

 

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Алматыдағы “Рахат” фабрикасы көшіріледі: қайда, қашан?

13.09.2022

“Алтын орда” базарының иесінен 47 млн теңге кіріс тәркіленеді

25.07.2022

Kazbusiness кеңесі: Кәсіпке баулитын 6 кино

15.10.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа