Генерал Серік Күдебаев 10 жылға сотталды, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Үкімді Талдықорған қалалық соты шығарды. Оны екі бап бойынша кінәлі деп таныды:
▪️азаптау
▪️билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану
Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейтін болады.
Сот отырысы алдымен денсаулығына, кейін келмеуіне байланысты бірнеше мәрте шегерілген еді. Ал наурыз айының соңында Күдебаевтың елден қашып кеткені белгілі болды.
Ресми ақпарат бойынша, Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Түркияда ұсталып, арнайы бортпен елге қайтарылды.
Еске сала кетейік, қаңтар оқиғасы кезінде Күдебаев өңір коменданты болды. Ол полиция департаментінің ғимаратын тастап кеткен. Осылайша наразылық білдірушілер ғимарат ішіндегі қаруға қол жеткізген.