No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

“Халықтың Төреші деген ұғымды тоқтату керек”: заңгер әншінің үстінен қылмыстық іс қозғауды талап етті

16.06.2023
Жаңалықтар
3.5k
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Күні кеше отандық әнші Төреғали Төреәлі Алматыда есірткіге мас күйде полицияға ұсталған болатын. Кейінірек әнші 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды. Танымал заңгер Айгүл Орынбек Facebook парақшасында Төреғали Төреәлінің үстінен қылмыстық іс ашуды талап етті, деп хабарлайды kazbusiness.kz порталы.

“Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев “Мас халде көлік басқару – қылмыспен тең, ал мас жүргізуші – қылмыскер” деп қатаң ескертіп, заңға бағынуды тапсырды. Заңға бағынбау, дөрекелік, билік өкілдеріне қарсы шығып қызметкерлерді басыну, күш көрсету, ол – қылмыс. Төреғалиді мәжбүрлі түрде қамауға алып, үстінен қылмыстық іс ашу керек деп есептеймін. Әншінің іс-әрекеті – ақтауға келмейді. “Жылдамдықты ұшаққа асығып бара жатқан соң асырды. Полиция түсіністік танытпады” деген не әңгіме? Полиция қызметкерлері не үшін түсіністік таныту керек? Заң – бәрімізге ортақ. Тәртіп сақшылары өте дұрыс жасады. Егер оны жібере салғанда, ол сосын адам қағып өлтіргенде, оны жайына жіберген полиция қызметкерлерін сөгіп, айып тағып шығар едік. Ал әншінің мас халде болғандығын, қанынан есірткі өнімі табылғанын қалай ақтауға болады? Мына жері тым күлкілі, “Ұшақта халықты күттірмеу үшін, асықты” депті. Халықты күттірмес үшін – адам деген үйден ерте шығып, ертерек қамдану керек. Жауапкершілікті сезінуі қажет. Асығыс келе жатып, сол ақтап отырған жақын адамдарының өзін қағып өлтірсе, осылай сайрап отырғанын көрер едім”, – деді Айгүл Орынбек.

Сонымен қатар заңгер әншінің үстінен қылмыстық кодекстің 380 бабы бойынша, яғни “Билік өкілінің заңды талабына немесе өкіміне бағынбағыны үшін” қылмыстық іс ашылып, заңды тұрғыда жазалану керектігін атап өтті.

“Төреғалиді тек 20 тәулікке қамап, көлік жүргізу куәлігінен айырып қана қоймай, қылмыстық іс ашуды сұраймын, тіпті талап етемін! ҚР ҚК-тің 380 бабы бойынша, яғни “Билік өкілінің заңды талабына немесе өкіміне бағынбағыны” үшін қылмыстық іс ашылып, заңды тұрғыда жазалану керек. “Халықтың Төреші” “халықтың еркесі”, “серкесі” деген ұғымды тоқтату керек. Құқықтық мемлекет құрғымыз келсе, халықты – бай-кедей немесе көке-жәкесі бар деп бөліп-жарып, үй ішінен үй тігіп алаламай, заңды орындауды – басты орынға қоюымыз міндетті. Ел алдында жүрген танымал азаматтар да – заңды құрметтеп, халықтың қауіпсіздігін ойлап, тәртіпке бағынсын”, – деді Айгүл Орынбек.

 

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Теңгенің құбылмалылығы неге байланысты? Ұлттық банк жауап берді

03.10.2022

Қармақшылық кәсіпкер 165 ауыл тұрғынын жұмыспен қамтып отыр

18.08.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа