Президент Халықтың тұрмыс сапасы әлі күнге дейін жақсы емес екендігін айтты, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
“Құқықтық әділетсіздік белең алды. Бай мен кедейдің арасы алшақтай түсті. Алдағы бес жылда үкімет және парламент осы негізгі мәселелердің шешімін табуы қажет”, – деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы экономикада және әлеуметтік салада жылдар бойы жиналып қалған түйткілдер бар екенін айтты. Оның барлығын ретке келтіруді тапсырды.
“Сол үшін жұрттың бәріне бірдей жаға бермейтін, бірақ тиімді әрі қажетті шешімдер қабылдау керек болады”, – деді президент.