Илон Масктың Neuralink компаниясына адамдарға чиптерді миға енгізу бойынша тәжірибелер жүргізуге рұқсат берді. АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасының оң шешімінен кейін компания жақын арада клиникалық сынақтарға еріктілерді іздеуге кіріседі, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Айта кету керек, алғашқы сынақтар тышқандар мен маймылдарда өтті. Тәжірибелер сәтті болды, дейді Масктың өзі.
Естеріңізге сала кетейік, Neuralink – Илон Масктың ми сигналдарын Bluetooth арқылы құрылғыларға жіберуге мүмкіндік беретін нейрочипті әзірлейтін компания. Осылайша, оның көмегімен компьютерді немесе смартфонды тікелей басқаруға болады.
Компания есту аппараты сияқты құлақтың артына бекітілетін қабылдағыш капсуланы жасады. Одан миға жіп тәрізді электродтар өтеді.
Чип гормондарды басқаруға, мазасыздықты жеңуге мүмкіндік береді, тіпті миды тиімдірек жұмыс істеткіззе алады, сонымен қатар соқыр немесе сал ауруына шалдыққан адамдарға толыққанды өмірге оралуға мүмкіндік береді, дейді Маск.