Илон Маск Twitter бас директоры қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Әлемдегі ең бай адамдардың бірі, SpaceX және Tesla компанияларының басшысы Илон Маск алдағы уақытта Twitter әлеуметтік желісіндегі басшылық қызметінен кететінін айтты. Оның айтуынша, ол Twitter басшы қызметіне жаңа адам алған.
«Ол жұмысын 6 аптадан кейін бастайды! Менің рөлім өнімді, бағдарламалық жасақтаманы және жүйені қадағалайтын атқарушы төрағаға ауысады», – деп жазды Илон Маск.
Айта кеткен жөн, Илон Маск Twitter-дің алғашқы акцияларын 2022 жылдың 31 қаңтарында сатып алған. Сол жылдың 4 сәуірінде ол әлеуметтік желінің 9,2 пайыздық үлесін 2,64 миллиард долларға сатып алып, компанияның ең ірі акционері атанды. Дегенмен, оның Twitter басшылығындағы іс-әрекеті біраз дау тудырғаны да жасырын емес.