No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Инфляцияға қатысты сарапшылар пікірі қандай?

01.09.2022
Жаңалықтар, Қаржылық кеңес
7
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Доллардың бағасы құбылып тұр. Ақша айырбастау орындарында оны 477 теңгеден сатып жатыр. Жыл басынан бері ұлттық валюта бағамы көп өзгерістерге ұшырады. Ал күзде қалай болады? Америкалық валюта тағы да қымбаттап, салдарынан инфляцияның өсіп кетуі мүмкін бе? Бұл мәселеге қатысты мамандар өз ойын айтты, деп хабарлайды Kazbusiness.kz сайтыт“Информбюро” жаңалықтарына сілтеме жасап.

Қаржылық кеңесші Расул Рысмамбетов теңге бағамының көп затқа тәуелді екенін айтады.

“Теңге бағамы көптеген көрсеткіштерге байланысты өзгеріп тұрады. Бұл – мұнай, екіншіден, үкіметтің экономикалық саясаты және үшіншіден, Қазақстанның мұнайды экспорттау мүмкіндігі. Сірә, мұнай бағасы жоғары дәрежеде қала береді, барреліне 90 доллардан жоғары болатыны анық. Теңге бағамы азды-көпті тұрақты болады”, – дейді Рысмамбетов.

Әлемдік валюталарды не күтіп тұрғаны жөнінде тоқталған экономист Айдархан Құсайынов доллардың “салмағы ауырлай” беретінін айтады.

“Қытайдың өсімі айтарлықтай баяулады, сондықтан Федералды резервтік жүйесі ақша-несие саясатын қатаңдатуды жалғастырады. Тиісінше доллар бағамы нығая түседі. Екінші жағынан, егер рубльдің долларға шаққандағы бағамы туралы айтатын болсақ, онда қызықты жағдай туындайды. Біріншіден, тақырыпты жалғастыра отырып, күзде рецессияның тағы да болатыны белгілі болады деп ойлаймын. Мұның барлығы мұнай бағасына әсер етеді”, – деп түсіндіреді экономист.

Қаржылық кеңесші Расул Рысмамбетовтің ойынша, күзде тұрақты болатын инфляция қыста қайта үдейді.

“Күзде инфляция әдетте төмендейді, өйткені бізде егін, өзіміздің өнімдер, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстаннан келетін өнімдер бар. Сондықтан инфляция азды-көпті “тынышталады”. Сосын қыста, қыстың соңына қарай қайта өседі. Бұл әдетте ылғи солай болады. Шындығына келсек, жылдық есеп бойынша он екі жарым-он үшке жетеміз деп үміттенемін”, – деп болжайды ол.

Экономист Айдархан Құсайынов азық-түлік бағаларының түгелдей қымбаттайтынын болжайды.

“Әкімдердің базарларды аралап, бағалардың тұрақтылығын сақтауға тырысу қантқа, дизельге және тағы басқаларға мемлекеттік реттеу енгізу – бәріне әсер ететін уақытша нәрсе. Иә, мүмкін дизельдің бағасын, қанттың бағасын ұстап тұруға болатын шығар, алайда барлығы қымбаттайды. Себебі бұл ішкі бұрмалаулардың нәтижесі”, – деп түйіндеді Айдархан Құсайынов.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Cәуірде не өзгереді?

02.04.2023

193.8 млрд теңге: Қазақстанға Ресейден аударылған қаражат көлемі

16.09.2022

Елімізде такси қызметіне қатысты бірқатар өзгерістер енгізілмек

31.05.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа