No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Исламдық қаржыландырудың айырмашылығы қандай?

18.01.2023
Жаңалықтар, Керек-дерек
8
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Исламдық банктер туралы

Исламдық банктер дәстүрлі банктермен салыстырғанда жақын уақытта – 50-60 жыл бұрын пайда болды. Қазақстанда пайда болғанына шамамен 10 болды. Осыған қарамастан, әлемде исламдық қаржы институттарының жақсы даму серпіні байқалады. Ол Қазақстанда да серпін алуда. Соңғы бірнеше жылдардың ішінде исламдық банктер несие портфелінің өсуі тұрғысынан да, салымдар көлемі жағынан да өсу үрдісін көрсете бастады. Егер кешегі уақытқа дейін исламдық банктер әріптестерінің негізгі үлесін корпоративтік клиенттер құраса, қазір жеке тұлғаларды кредиттеудің өсуі және жеке инвестицияларды тарту байқалады.

Пайызсыз кредиттер – Мурабаха және Иджара

Исламда өсімқорлықтың тыйым салынуына байланысты исламдық банктер жеке тұлғаларды да, бизнес-құрылымдарды да қаржыландырудың өзгеше қағидатымен әрекет етеді. Бүгінгі күні олар кредиттеу желісі бойынша бірнеше өнімді ұсынады, олардың ішінде ипотека, бизнесті кредиттеу, тауар кредиттері және дәстүрлі лизингке ұқсас өнімдер бар. Осылардың барлығы (соңғысын қоспағанда) Мурабаха деп аталатын, банк пен қарыз алушы арасындағы мәміле болып табылады. Мурабаханың дәстүрлі кредиттеуден айырмашылығы бұл кредиттеу түрінде пайыз жоқ, оның орнына банк сатушы болады, клиенті үшін қажетті тауарды сатып алып, үстіне ақша қосып сатады. Оның ерекшелігі клиент мүлікті немесе тауарды банктің үстеме бағасымен бірге қаншаға сатып алатынын біледі. Себебі шариғаттың заңы бойынша сауда-саттық тыйым салынған кәсіп емес, банк бұл жағдайда қарыз беруші емес, өзінің үстеме бағасын қоятын саудагер-делдал ретінде болып отыр.

Иджара – дәстүрлі лизингке ұқсас өнім, мұндайда клиент жылжымалы мүлікті бизнес мақсатында сатып алады. Иджара жағдайында банк сатушы-делдал ретінде болады, клиент сатып алғысы келетін жеткізушіден қажетті мүлікті өз үстеме бағасын қоя отырып сатып алады. Сонымен бірге бұл өнімнің ерекшелігі көптеген жағдайларда клиент баспана болсын, автомобиль болсын сатып алынатын мүліктің иесі боп шыға келеді.  Бұл ретте үстеме бағаның сомасы да, шарттың жалпы сомасы да шарттың бүкіл қолданыс кезеңіңде ұлғайтылмауға немесе азайтылмауға тиіс.

Шариғат бойынша салымдар: Вакала және Мудараба

Кредиттерден басқа, ислам банктері депозиттер ашуды ұсынады. Кредит беру жағдайдағы сияқты депозиттердің де өз ерекшеліктері бар және ең бастысы, шариғат заңдарына қайшы келмейді. Бұл белгіленген пайыздардың, яғни өсім алушылықтың болмауы. Клиент тек салымшы ғана емес, толыққанды серіктес болады.

Ислам депозиттерінің екі негізгі түрі бар – Уакала және Мудараба.

Уакала – бұл салым дәстүрлі депозитке жақын, онда клиентке тараптардың келісімі бойынша шариғатқа қайшы келмейтін кез келген бизнес-жобаға қаражат салудан түскен пайдадағы үлес төленеді. Уакала өзінің мәні бойынша агенттік келісім болып табылады, онда клиент (Мууаккиль) өз ақшасын банкке (Уакил) сенеді, ол қаражатты инвестициялау арқылы пайда табуға бар күшін салады. Салымнан алынатын сыйақы мөлшері банкпен шарт жасасу кезінде келісіледі, банк өзінің агенттік қызметтері үшін бірден ақы алады. Егер инвестициялық қызметтен түскен жиынтық пайда пайданың келісілген пайызынан асып кетсе, онда банк сыйақы төлегеннен кейін өзіне пайда алуға құқылы. Кірістілік пайыздары депозит мерзіміне, салым валютасына және басқа да негізгі шарттарға байланысты. Көбінесе депозиттегі қаражат мерзімінен бұрын алынуға жатпайды. Тағы бір басты ерекшелік – барлық тәуекелдер Мууаккилге, яғни салымшыға жүктеледі, егер инвестициялар күтілетін нәтижеге әкелмесе және Уакилдің алаяқтық, немқұрайдылық немесе міндеттемелерді қасақана орындамаудағы кінәсі дәлелденбесе, салымшы жауапты болады.

Мудараба – тәуекелге баруды ұнататындар үшін қызықты нұсқа. Банктер артық жинақтары бар және тәуекел ете алатын адамдарға Мударабаны пайдалануға кеңес береді. Мудараба – бұл салымшы (Раббуль Маль) өз ақшасын басқарушы (Мудариб) ретінде әрекет ететін банкке беретін және ақшалай қаражатты тәуекел деңгейі әртүрлі инвестициялық жобаларға салатын инвестициялық депозит.

Банк пен салымшы арасындағы пайда алдын ала келісілген пропорцияға сәйкес бөлінеді. Исламдық депозиттердің барлық басқа түрлеріндегі сияқты инвестициялық қызметтің нәтижесі белгілі болмауына және алынған кез келген пайда факт бойынша бөлінуіне байланысты сыйақыға тікелей де, жанама да кепілдік берілмейді.

Пайда банк пен салымшы арасында жалпы келісімге байланысты әр түрлі пропорцияда бөлінеді – 20/80-нен 60/40-қа дейін. Бұл пропорциялар салымның негізгі шарттарына да байланысты. Көбінесе Мудараб депозиттерінің кірістілігі дәстүрлі пайыздық депозиттерден түсетін кірістіліктен асып кетуі мүмкін, өйткені клиент банктің инвестициялық қызметінде толық құқылы серіктес болады.

Бұл ретте ислам банктерінің қызметі мемлекеттің реттеуінде тұр. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қолданыстағы заңнамалық база шеңберінде ислам банктерін қадағалау және реттеу функцияларын орындайды. Ислам банктерінің ерекшелігіне байланысты Мудараба мен Уакаланың депозиттеріне мемлекет тарапынан Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры кепілдік бермейді. Өйткені өз ерекшелігі бойынша бұл қаржы құралдары қаражатты жинақтау және үнемдеу құралдарына қарағанда инвестициялау құралына жақын болып келеді.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Такси жүргізушісі ер адамды пышақтап тастады

28.07.2023

498 кәсіпорын 410 колледжге қамқорлық жасайды

26.07.2022

Сөредегі тауар бағасы чекке сәйкес келеді ме?

30.01.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа