No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Кәсіпкер әйел 36 адамды жұмыспен қамтып отыр

Кәсіпкерліктің қыр-сырымен жете танысу арқылы "NEFIS GROUP" атты жаңа компанияның негізі қаланды

31.08.2022
Жаңалықтар, Дара кәсіпкер
4
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Бүгінде кәсіп ашып, ісін дөңгелетемін деген әр жанға мемлекеттен қолдау бар. Сондай бағдарламалардың бірі – “Бизнес Бастау” мемлекеттік бағдарламасы. Аталған жоба аясында шымкенттік Малика Убайдуллаева өз ісін ұршықша үйіріп отыр. Кәсіпкер басқаратын шағын компания шығаратын кофе мен қант әрбір дастарханның дәмін кіргізсе, бір реттік дымқыл майлықтары әрбір адамның қолынан табылуда, деп хабарлайды Kazbusiness.kz.

Отбасын да, кәсібін де бір арнаға тоғыстырған Малика бұл салаға келмес бұрын он сегіз жыл бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеген. Содан өміріне өзгеріс енгізіп, қосымша табыс табу жолын қарастырады. Осынау қайнаған тіршілікте ол 2019 жылы “Бастау Бизнес” жобасы бойынша білім алып, кәсіпкерлік әлеміне қадам басты.

“Бастау Бизнес” курсында кәсіпкерлікті қалай бастаудан бастап, оны қалай жүргізу, дамыту қажеттігін толығымен меңгердім. Мемлекет тарапынан көрсетілген осындай зор қолдауға өз ризашылығымды білдіремін. Сонымен қатар бұл тұрғыда маған осы салада тәжірибесі бар жолдасым да өз қолдауын көрсетті», – дейді іскер келіншек.

Осылайша кәсіпкерліктің қыр-сырымен жете танысу арқылы «NEFIS GROUP» атты жаңа компанияның негізі қаланды. Кез келген істі ұршықша иіріп әкететін Малика Рахымбайқызы өзінің бизнес жоспарында бір рет қолдануға арналған дымқыл майлықтарды шығару ісін бүге-шүгесіне дейін баяндап берді. Майлықтың ерекшелігі антисептикалық болып табылатындығында. Коронавиуспен әлі күнге дейін күресіп келе жатқан біздің қоғам үшін бұл таптырмас тазалық құралы екені сөзсіз. Инновациялық жоба ретінде байқауда бақ сынаған оның жобасы комиссия мүшелері тарапынан қолдау тапты. Осылайша Малика Рахымбайқызы мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз 3 млн. теңге көлеміндегі гранттың иегері атанды.

“Грант қаржысы кәсібін енді ғана қолға алып жатқан маған сол сәтте өте үлкен қолдау болды. Бұл бағытта жолдасым да қаржылық қолдау көрсетіп, Түркия мемлекетінен майлықтарды шығаруға арналған аппаратты арнайы тапсырыспен алдырдық. Осылайша жұмысымызды бастап кеттік”, – дейді Малика Убайдуллаева.

Күннен күнге өрісі кеңге жайылып келе жатқан кәсіпорын қазіргі таңда тәулігіне 25 мың дана ылғалды майлықтар  шығаруға мүмкіндігі бар.

Жоғарыда атап өткеніміздей, Малика Убайдуллаеваның жолдасы Әлімжан Убайдуллаев бұған дейін өз кәсібін дөңгелетіп жүргізіп келе жатқан кәсіпкер-тін. Ол елге кеңінен тараған  3 те 1 деп аталып кеткен кофе шығару ісімен айналысатын.

2019 жылы құрылған “NEFIS GROUP” ЖШС өмірдегі жарасымды жұптың басын кәсіпте де тоғыстырды. “Бір жағадан бас, бір жеңнен қол” шығарып, іске білек сыбана кіріскен ерлі-зайыптылардың кәсібі өрге домалай бастады.

“Жұмыла көтерген жүк жеңіл” демекші, осылайша “NEFIS GROUP” ЖШС дамудың даңғыл жолына бет алды. Ордабасы» индустриялды аймағында орналасқан “NEFIS GROUP” компаниясы бүгінде 36 адамды жұмыспен қамтып отыр. Ел бойынша өндірісте көшбасшы болуды көздейтін компанияның алға қойған жоспарлары да жетерлік. «Қазақстанның үздік тауары – 2022» деп аталатын өңірлік байқау-көрмесінде жүлделі үшінші орынды иеленген компания алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындырмақ.

“Жылдам еритін қант пен құрғақ сүт араласқан NEFIS-CAFE 3in1 өзінің хош иістілігімен ерекшеленеді. Өнім бүкіл әлемде танымал индонезиялық кофенің ең жақсы сорттарына негізделген. Жаңа дизайнмен қайта жаңғырған NEFIS-CAFE-нің дәмі оны татып көргендердің таңдайында ұзақ сақталары сөзсіз. Халықтың қажеттілігіне қарай қолға алынған кәсіп болғандықтан, сусынның бұл түріне деген сұраныс күн санап арта түсуде”, – дейді кәсіпкер әйел.

Кәсіпкер Малика Рахымбайқызының айтуынша, өзі басқаратын өндіріс орнына Германия, Түркия сынды шет мемлекеттерден әкелінген соңғы үлгідегі арнайы аппарармен жұмыс істейтін мамандарды табу да оңайға соқпапты. Мамандарды бұл бағытта оқыту арқылы осы бір мәселенің түйінін тарқатыпты.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Алматы және Жетісу облыстарында сұйытылған газдың литрі 70-75 теңге

08.07.2022

Атышулы “Алтын Орда” базарына 200-ден астам арыз-шағым түскен

18.06.2023

Елімізде кей мамандықтардың білім гранттары көбейеді

07.06.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа