Қала прокуратурасымен құрылған мобильдік топтың сенім телефондарына кәсіпкерлерден 5 хабарлама түсіп, 3-і бойынша түсіндірме берілген, 2-і бойынша қадағалау актілері енгізіліп, қарау нәтижелері бойынша 446 кәсіпкерлік субъектілердің құқықтары қорғалды.
Мобильдік топтың міндеті Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын бұзу және заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау туралы хабарлармаға жедел ден қою болып табылады. Мобильді топ алдын ала ақпарат бойынша кәсіпкерлердің құқықтары бұзылған оқиға орнына баруға мүмкін.
Құқық бұзушылық деректері бойынша осы байланыс телефондарына хабарлауға болады: 8(702) 284 22 47, 8(775) 525 56 16, 8(701) 782 02 08, 8(7282) 24 81 68