Кәсіпкерлерге үнемі білімін жетілдіріп отыру керек. Ол үшін Ted лекциялар бар. Kazbusiness.kz сайты кәсіпкерлерге арналған үздік лекциялар тізімінің қысқаша мазмұнын жариялады.
1. Стартаптар неге сәтті болады?
Билл Гросс — қаржыгер, IdeaLab әлемдегі алғашқы бизнес-инкубаторының негізін қалаушы.
Егер стартап әлемді өзгерте алса, онда неге көптеген сәтсіздіктер болады? Билл Гросс бұл мәселені соңғы 20 жыл ішінде пайда болған 100 компанияның мысалын қолдана отырып талдайды. Жетістікке жетелейтін бес маңызды элементті анықтайды. Әдетте естіп жүргендеріңіздей, идея, команда емес, басқа элементтер.
2. Брендке жақсы ат табу
Джонатан Белл — брендинг бойынша сарапшы.
Бәсекелестік шарықтап тұрған кезеңде қалай жақсы брендті атау құру керектігі туралы айтады. Оны негізін қалаған адамның атымен байланыстыруға немесе компанияның қызметін сипаттауға болады. Бұл Белл айтқан мысалдардың тек екі санаты. Ол қандай назар аудару керектігі туралы қысқаша әңгімелейді.
3. Компания үшін қалай дұрыс шешім қабылдау керек?
Рэй Далио — бизнесмен, Bridgewater Associates инвестициялық компаниясының негізін қалаушы.
Бірде Рэй Далио қомақты қаржыны жоғалтты. Ақшасыз қалғаны соншалық отбасын асырау үшін несие алуға тура келді. Бұл азапты тәжірибе оның шешім қабылдауға деген көзқарасын өзгертті. Ол қайшылықты көзқарастармен не істеу керегін және сіздікі дұрыс не бұрыс екенін қалай түсінуге болатындығын түсіндіреді.
4. Компаниялардың күйреуінің екі себебі: оларды қалай болдырмау керек?
Кнут Хаанес — бизнес-стратег, Халықаралық менеджментті дамыту институтының профессоры.
Ханаес компаниялардың өмірін адамдардың өмірімен салыстырады. Компаниялар екі жағдайда сәттілікке жете алмайды: басқалармен бірдей болғанда және бақылаусыз жаңа бір нәрсе жасағанда. Ханастың айтуынша, сәтсіздіктен құтылудың ең жақсы әдісі — осы екі стратегия арасындағы тепе-теңдікті табу. Ол мұны қалай жасау керегін және құлдырамайтын мықты компанияны қалай құру керегін мысалдармен айтып көрсетеді.
5. Өз шығармашылығыңызға қалай сену керек?
Дэвид Келли — IDEO консалтингтік компаниясының негізін қалаушы.
Біз өзгелердің пікіріне тәуелдіміз. Олардың сынынан қорқып, ойымызды ашып айтпаймыз. Осы қорқыныш туралы айтады. Дэвид Келли адамдарды шығармашыл және шығармашыл емес деп бөлуге болмайды деп санайды. Тек кейбір адамдар өздеріне сенеді, ал басқалары ол қабілетін ашпайды.
6. Студенттер жеке ісін бастамас бұрын нені білу керек
Ян Беднар — ShipMonk негізін қалаушы.
Ян Беднар Чехиядан Америкаға 17 жасында жеке кәсібін ашу үшін көшіп барған. Ол жетістікке жетті. Енді кез келген студент өз ісін бастай алады және оны дамыта алады деп сенеді. «Бизнесті бастау — проблеманы табу. Сіздің хоббиіңіз бен күнделікті іс-әрекетіңіз сіздің бизнесіңізге жаңа идея әкелуі мүмкін». Беднар басында компанияны қалай басқаруға болатындығы туралы айтады.
7. Неліктен үміт стратегия емес?
Кевин Талбот — кәсіпкер және инвестор.
Бизнесті жасау үшін идеяның өзі жеткіліксіз. Біздің әрқайсымыз бірдеңе ойлап табамыз және бұл ұзақ сапардың бастамасы ғана. Идеялар бізді алға жылжытады, өмірімізді жеңілдетеді. Бірақ идеяның өзі сиқыр емес. Талбот жетістікке жету үшін идеямен қалай жұмыс істеу керектігін түсіндіреді.
8. Шағын бизнестің үлкен өтірігі
Вузи Тембеквэйо — инвестор және Watermark Afrika қорының төрағасы.
Шағын бизнес кішкентай болып қалмау керек. Африка кішігірім кәсіпорындарға толы, олар бір-бірімен күреседі. Бірақ әлемде не боп жатқанына мән бермейді. Тембеквейо шағын бизнесті не үшін дамыту керек екенін түсіндіреді. Оның пайымдауынша, егер жергілікті кәсіпкерлер ойларын өзгертсе, Африка экономикалық алпауытқа айналуы мүмкін.