No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Кәсіпкерлерге салық бұйрықтары заңсыз шығарылған

20.04.2023
Жаңалықтар
72
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Прокурорлар кәсіпкерлерге қатысты салық бұйрықтарын шығарудың заңсыз тәжірибесін тоқтатты, деп хабарлайды kazbusiness.kz. 

Салық кодексі бойынша салық бұйрықтары салық төлеуші – кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғадан 1 АЕК-тен астам мөлшерде салық берешегін өндіріп алу кезінде шығарылуы мүмкін екенін атап өткен жөн.

Сонымен қатар олар қайтыс болған адамдарға, мүгедектерге қатысты, сондай-ақ хабарлама берілмей шығарылмайды.

Осыған қарамастан, аталған санаттағы адамдарға қатысты мемлекеттік кірістер органдары заңсыз бұйрықтар шығарып, кейіннен берешекті өндіріп алу бойынша мәжбүрлеу шараларын қолдана отырып, атқарушылық іс жүргізуді қозғаған.

Нәтижесінде, шоттарға тыйым салынғаннан кейін кәсіпкерлер қарызды төлеп қана қоймай, сот орындаушылардың жұмысына ақы төлеуге мәжбүр болған.

Мысалы, Алматы қаласында ЖК «H.» 430 мың теңгені өндіріп алу туралы салық бұйрығы шығарылған. Сот орындаушысы кәсіпкердің банктік шотына тыйым салып, бұл оның қалыпты жұмысына кедергі келтірген.

Прокуратура актісі бойынша салық бұйрығының күші жойылды, шектеу шаралары алынып тасталды, ал атқарушылық іс жүргізу тоқтатылды.

Жалпы республика бойынша 23 мың осындай бұзушылық анықталды.

Сондықтан Бас прокуратура Үкіметке нақты ұсыныстармен ұсыну енгізді. Нәтижесінде қадағалау актісі бойынша 21 мыңнан астам салық бұйрықтары жойылды, 13 мыңнан астам атқарушылық іс жүргізу тоқтатылды.

Мемлекеттік кірістер комитеті өзінің ақпараттық жүйесін (ҚР БСАЖ) жаңғыртып, енді мұндай фактілер болмайды (бұйрықтар тек жеке тұлғаларға қатысты шығарылады).

Бұдан басқа 40-тан астам жеке сот орындаушысы және салық органдарының 19 қызметкері, оның ішінде 6 басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

“Бизнестің жол картасы – 2025” бағдарламасының грантын қалай алуға болады?

04.01.2023

Тәрбиеші, күзетші, медбике мамандарына сұраныс көбейді

17.04.2023

Бір жылда аяқ киім бағасы 21%-ға қымбаттаған

10.04.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа