Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті бейнеконференция байланысы арқылы жаңа реттеушілік саясатты енгізу, бизнеске қойылатын артық талаптарды қысқарту, сондай-ақ мемлекеттік бақылауды автоматтандыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Жұмыс барысында «таза парақтан» реттеуді енгізу аясында кәсіпкерлік саласындағы жаңа тәсілдер талқыланды.
Атап айтқанда, мемлекеттік органдар бизнеске қойылатын талаптарды қысқарту және мемлекеттік бақылау процесін автоматтандыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде. Бұл бақылаушы органдардың жұмысын жеңілдетуге, сондай-ақ бизнес субъектілеріне әкімшілік жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.
Комитет мемлекеттік органдар жүзеге асыратын бақылау мен қадағалаудың барлық нысандарының үйлестірушісі болып саналады.
Сонымен қатар Кәсіпкерлік кодекстің жаңа талаптары қаралды, оған сәйкес тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі болмаған жағдайда мемлекеттік органдар бақылаудағы субъектілердің жалпы санының 5% – ын ғана тексерумен қамти алады. Бұл норма 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады, – делінген комитет таратқан ақпаратта.
Комитет, тексерулердің үйлестіруші ретінде, жиналыстың қорытындысы бойынша осы бағыттағы жұмысты жандандыру жөнінде бірқатар ұсынымдар берді. Оның ішінде құрылған сәттен бастап 3 жыл өтпеген шағын және микрокәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, бақыланатын бизнес субъектілерінің тізілімдерін құру қажеттігі туралы айтылды.
Осы тұрғыда кеңеске қатысушылар мемлекеттік бақылауды реттеу және жетілдіру жөніндегі алдағы жоспарлар туралы пікір алмасып, жаңа реттеушілік саясат жағдайында бақылау өкілеттіктерін жүзеге асыру бойынша іс-шараларды әзірледі.